2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп

Басқарманың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Облыста өнеркәсіп саласында барлығы 1600 - ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірі - 29, орта - 69, қалған 1579-ы шағын кәсіпорындар. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны - 80 мыңнан астам адам, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің саны - шамамен 60 мың адам.

2022 жылғы қаңтар - маусымда өнеркәсіп көлемі 716,0 млрд.теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен 145,6 млрд. теңгеге артық (570,4 млрд. теңге).), НКИ - 106,2% (ҚР бойынша НКИ-103,5%).

2022 жылдың жоспары - 1 520 млрд. теңге, НКИ - 102,5%.

Өңдеу өнеркәсібінде 765,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 162,7 млрд. теңгеге артық (602,5 млрд. теңге).), НКИ - 104,6% (ҚР бойынша НКИ-104,9%).

2022 жылдың жоспары – 1 320 млрд. теңге, НКИ - 102,9%.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 13 нысан іске қосылды, жұмыс істеп тұрған 5 объектіде - кеңейту, 437 жұмыс орны құрылды.

 

Экспорттық әлеуетті дамыту

Алматы облысында 40-тан астам тауар өндіруші экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асырады. Экспорт бойынша негізгі сауда әріптестері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Қытай болып табылады.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары республикадағы, алыс және жақын шетелдердегі түрлі халықаралық көрмелерге белсенді қатысады.

2021 жылғы қаңтар – желтоқсанда экспорт көлемі 451,9 млн, АҚШ долларын құрады (2020 жылғы кезеңге 177,1% және 2018 жылға 163,3%). 2021 жылға жоспар - 391,7 млн. АҚШ доллар.

2021 жылы 11 кәсіпорын 605,6 млн.теңге сомаға («Интеллсервис» ЖШС, «Хамле Компани», «Юнилюкс», «Қайнар АКБ», «Метакон», «Келун Казфарм» және т. б.) шығындарды өтетті.

 

Кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы (ИИДМБ 3)

Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (3-бесжылдық) шеңберінде 2020 жылы 2 818 жұмыс орнын құра отырып, 128,7 млрд.теңге сомасына 20 жоғары технологиялық және инновациялық жоба іске асырылды (жобалар тізімі 1-қосымшада).

2021 жылы кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы шеңберінде 9 жоба іске асырылды («Pure Pack» ЖШС (Райымбек Агро) алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттың құрылысы, «Шин Лайн» ЖШС балмұздақ өндіретін зауыттың құрылысы, «Якар» ЖШС кондитерлік өнімдер өндірісінің қосымша желісінің құрылысы, Турмыстық ТЕХНИКА ЗАВОД" (БОШЕР ХОЛДИНГ) импорттық газ плиталарын құрастыратын зауыттың құрылысы) және т.б.) 78,2 млрд. теңге сомасына, 963 астам жұмыс орнын құрумен.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Алматы облысында 2022 жылға негізгі капиталға жоспарланған инвестиция көлемі 655,2 млрд. теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға инвестиция көлемі 215,5 млрд. теңгені құрады, НКИ – 110,1% (ҚР 102,6%).

Жалпы, бүгінгі таңда Алматы облысының инвестициялық қоржыны 2021 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде 8,9 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 871,7 млрд.теңге сомасына іске асырудың әртүрлі сатысындағы 138 жобаны қамтиды (ҚМЖ жүргізілуде, жер учаскелері ресімделді, жобалық құжаттама әзірленді, қаржыландыру расталды).

Оның ішінде:

- шетелдік инвесторлардың қатысуымен-296,2 млрд. теңгеге 11 жоба., 2000-нан астам жұмыс орнын құрумен;

- ЖЭК саласында-53,4 млрд теңгеге 2 жоба. 46 жұмыс орнын құрумен;

Ағымдағы жылы облыста жалпы сомасы 177,2 млрд. теңгеге, 2,8 мыңнан астам жұмыс орындарын құрумен 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап 7 жоба енгізілді (14,7 млрд. теңге, 290 жұм. орын) оның ішінде Іле ауданында 200 жұмыс орнын құра отырып, құны 12 млрд.теңге болатын, қуаты жылына 48,4 млн. жұмыртқа беретін «Nauryz Agro» ЖШС Алматы асыл тұқымды құс репродукторының 2 кезеңінің құрылысы сияқты ірі жобаны атап өтуге болады.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бері инвестициялар тарту бойынша жұмыс шеңберінде 500-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 106,2 млрд.теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды.

Анықтама: Іле ауданында құны 86,2 млрд. теңге және 1 500 жұмыс орнын құрумен, 150 мың шаршы метрге «Airba FF» ЖШС А+ класты логистикалық орталығын құру; Іле ауданында 241 жұмыс орнын құрумен, жалпы құны 20 млрд. теңге «ТК газоблок» ЖШС газ блоктары, фиброцемент панельдері мен шыны жүн өндірістерін құру.

 

САУДА

2021 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 463,6 млрд.теңгені құрайды, НКИ – 100,9%. 2021 жылға жоспар 460,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 100,3%.

2022 жылға жоспар – 483,7 млрд. теңге, НКИ – 100,6%.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде тауар айналымы – 229,3 млрд.теңгені құрады. өткен жылмен салыстырғанда 19,4%-ға жоғары.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы облысында 9520 сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде 5725 дүкен 1248 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, 2490 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері, 57 базарда 41,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Облыста 57 сауда базарлары жұмыс істейді, оның ішінде мамандануы бойынша жіктеледі: әмбебап - 42, мамандандырылған - 3, жалпы ауданы 591,3 мың шаршы метр, оның ішінде жабық - 13. Облыс базарларындағы барлық сауда орындары – 8400. 57 базардың ішінде стационарлық - 43, стационарлық емес - 14.

Қонаев қаласында қызмет түрі бойынша стационарлық емес 3 базар жұмыс істейді. Мамандандыру бойынша: әмбебап, меншік нысаны бойынша: жеке.

Сауда базарларын жаңғырту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның тармақтарын іске асыру мақсатында бүгінгі күні Алматы облысының аумағында 6 сауда базарын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылуда (Қарасай ауданы - 1, Ұйғыр ауданы - 1, Іле ауданы - 1 және Қонаев қаласы - 2).

 

КӘСІПКЕРЛІК

Алматы облысында 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 94 668 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл 2021 жылғы деңгейден 16%-ға жоғары. 2022 жылға жоспар 1,8% өсіммен 95 000 бірлікті құрайды (2021 жыл 81,6 мың бірлік).

Шағын және орта бизнес секторында 2021 жылдың қорытындысы бойынша 189,3 мың адам жұмыспен қамтылды, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,4%-ды құрайды. 2022 жылға болжам 190 мың адам.

2021 жылы өнім шығару көлемі 2 061,2 млрд.теңгені құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 76%-ға өсті (1170,8 млрд. теңге). 2021 жылға арналған болжам 2 154,6 млрд.теңге.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОБ субъектілерінен бюджетке 112,7 млрд.теңге түсті, бұл өткен жылғы деңгейден 0,5 есе жоғары (2020 жылы - 74,4 млрд. теңге). 2022 жылға арналған болжам 185,8 млрд. теңге.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2022 жылға облыс бойынша 8,7 млрд.теңге бөлінді. 151-ден жобалар астам қаржыландыру жоспарлануда (ҰАТ бойынша жоба бойынша 148 жоба) 345 жаңа жұмыс орнын құруымен.

Қазіргі уақытта 879,5 млн. теңге несие сомасына 11 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 10,6 млрд.теңге бөлінді.

пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 6,7 млрд. теңге бөлінді, 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша 100% игеру, 129,4 млрд. теңге кредиттік сомаға 579 жоба мақұлданды, 812 жаңа жұмыс орны құрылды;

ішінара кепілдендіруге 0,7 млрд. теңге бөлінді. 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша 100% игеру, 3,2 млрд. теңге кепілдік сомасына 274 жоба мақұлданды, 308 жұмыс орны құрылды;

гранттар беруге – 202,5 млн.теңге бөлінді. 139 жоба мақұлданды, 321 жұмыс орны құрылды.

инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге – 10 жоба бойынша 3,2 млрд.теңге бөлінді, 1012 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алудың қолжетімділігін арттыру және «Бизнес Бастау» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (шағын несие берудің) қолжетімділігін арттыру мақсатында «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп, жеңілдетілген шағын несие беру бойынша «Atameken Zhetysu» шағын қаржы ұйымы» ЖШС құрылды.

Бүгінгі таңда МҚҰ-ға жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге шамамен 448 адам жүгінді.

01.06.2022 ж. жағдай бойынша 86 жоба бойынша 236,0 млн. теңге сомасына шағын кредит берілді, 14,5 млн. теңге сомасына 3 өтінім және құжаттарды жинау сатысында шамамен 1850,0 млн. теңге сомасына 150 жоба мақұлданды.

2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Дата публикации
01 сентября 2022