Шекті бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген маңызды азық-түлік тауарларының мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

Шекті бөлшек сауда бағаларының

рұқсат етілген маңызды азық-түлік тауарларының

мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90939 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері мен қолданылу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облысының әкімі                                                    А. Баталов

Қаулы жобасы
Дата публикации
17 марта 2021