|
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» басшысының 2026 жылғы 16 қазандағы № 170-ж бұйрығыменбекітілді |
||
|
|
|
|
Алматы облысының ғылыми әлеуетін дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған
Конкурстық құжаттама
Қонаев қ., 2026 ж.
1.1 Осы Конкурстық құжаттама Алматы облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
1.2 Конкурстың мақсаты – практикалық қолдануға болатын ғылыми-техникалық нәтижелерді алуға бағытталған қолданбалы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды қолдау арқылы Алматы облысының өзекті әлеуметтік-экономикалық, технологиялық, экологиялық және өзге де міндеттерін шешуге жәрдемдесу.
1.3 Конкурстың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
- Ашықтық және тең құқықтылық – конкурс барлық қатысушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ете отырып, кез келген кемсітушілікке немесе негізсіз артықшылықтарға жол бермей, ашық негізде өткізіледі.
- Ғылыми және практикалық маңыздылығы – жобаларды іріктеу олардың инновациялық әлеуетіне, Алматы облысының дамуының басым бағыттары үшін өзектілігіне және практикалық қолдану мүмкіндігіне негізделеді.
- Жауапкершілік және нәтижелілік – грант алушылар ұсынылған қаражатты тиімді пайдалануға, мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуге және жобаларды іске асыру барысы мен нәтижелері туралы дұрыс есептілікті ұсынуға міндетті
Уәкілетті орган, Сараптама орталығы, Ұйымдастырушы қызметкерлерінің үлестес тұлғаларына конкурсқа Өтініш беруші (Жеңімпаз), жеке әріптес, сондай-ақ Грант алушы ретінде кез келген нысанда қатысуға тыйым салынады.
1.4 Бес басым бағыт бойынша жобаларды гранттық қаржыландырудың жалпы көлемі 200 000 000 (екі жүз миллион) теңгені құрайды.
Әрбір басым бағыт бойынша бір жеңімпаз жоба анықталады.
Бір жобаны гранттық қаржыландырудың ең жоғары сомасы 40 000 000 (қырық миллион) теңгені құрайды.
1.5 Жобаны іске асыру мерзімі жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысын орындау туралы шарт жасалған күннен бастап 12 (он екі) айды құрайды.
1.6 Конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда автономды білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары қатыса алады.
1.7 Жеке тұлға осы Конкурс шеңберінде бір өтінімнен артық емес өтінімде басшы және (немесе) орындаушы ретінде қатысуға құқылы
1.8 Өтінімді дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды Өтініш беруші көтереді. Көрсетілген шығыстар Конкурс нәтижелеріне қарамастан өтелуге жатпайды.
1.9 Конкурс бірнеше кезеңде өткізілуі мүмкін, бұл ретте жоба басшысының таныстырылымға қатысуы міндетті шарт болып табылады.
1.10 Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында және жергілікті атқарушы органның тиісті актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.
1.11 Конкурстық құжаттама және Конкурс туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады
1.12 Конкурсқа қатысуға өтінімдер қағаз және электрондық нұсқада 19қазан2026 жылғы сағат 9.00-ден бастап 3 қараша2026 жылғы сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады
Өтінім қағаз нұсқасында тізімдемесі бар брошюра түрінде тігіледі, соңғы бетінде парақтар саны көрсетілген қорытынды жазба жасалады және мөрі бар жапсырмамен бекітіледі. Қағаз тасығышқа мына мекенжай бойынша кеңседе кіріс нөмірі беріледі: Қазақстан Республикасы, Қонаев қ., Қонаев көшесі, 3Б, 207-кабинет
Өтінімдер электрондық түрде мына электрондық пошта мекенжайына жіберіледі: almobl.prom@mail.ru
Анықтама телефоны: +7 (727) 722-06-83
1.11 Конкурс нәтижелері белгіленген тәртіппен ресімделеді және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Басым бағыттар және ғылыми-техникалық тапсырмалар
2.1 Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттар
|
Басым бағыт |
Мамандандырылған ғылыми бағыт |
|
1. Агроөнеркәсіптіккешен |
1.1 Алматы облысының өсімдік шаруашылығында ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану және қарқынды сүтті, етті мал шаруашылығын дамыту негізінде агроөнеркәсіптік кластерлерді қалыптастыру. |
|
2. Экология және табиғатты ұтымды пайдалану |
2.1Жасыл технологиялар, қалдықтарды басқару, ресурстарды үнемдеуэкологиялық және климаттық тәуекелдерді азайту |
|
3. Сандық технологиялар және инновациялар |
3.1 Жасанды интеллект, деректерді талдау, бағдарламалық технологиялар және интеллектуалды ақпараттық жүйелер. 3.2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық инфрақұрылым, автоматтандыру, робототехника және киберқауіпсіздік. |
|
4. Туристік саланы дамыту |
4.1Туристік инфрақұрылым, туристік сервис технологиялары, туристік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және қауіпсіздігі. |
|
5. Құрылыс және заманауиинфрақұрылымды дамыту |
5.1 Құрылыс технологиялары, энергия тиімділігі, жер сілкінісіне төзімділік және ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі. 5.2 Коммуналдық инфрақұрылым, оны жаңғырту және зияткерлік басқару технологиялары |
2.2Жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, автоматтандыру, робототехника, биотехнология және өзге де салааралық технологияларды қолдануға, егер оларды пайдалану тиісті мамандандырылған ғылыми бағыттың міндеттерін шешуге бағытталған болса, кез келген басым бағыт шеңберінде жол беріледі.
2.3 Егер жобаның негізгі ҒҒТҚН дербес цифрлық технология, алгоритм, бағдарламалық өнім, зияткерлік ақпараттық жүйе, бағдарламалық-аппараттық кешен не өзге де цифрлық немесе инновациялық технологиялық шешім болып табылса, жоба "Цифрлық технологиялар мен инновациялар"басымдығының тиісті мамандандырылған ғылыми бағытына жатады
2.4 Әрбір мамандандырылған ғылыми бағыт бойынша ғылыми-техникалық тапсырма өлшенетін сипаттамалары мен практикалық қолданылуы бар, таңдалған мамандандырылған ғылыми бағытқа сәйкес келетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің (ҒҒТҚН) жаңа және (немесе) елеулі жетілдірілген нәтижесін алу болып табылады.
Өтінім беру сәтіндегі ҒҒТҚН технологиялық дайындығының бастапқы деңгейі TRL 4-тен төмен болмауы тиіс.
ҒҒТҚН технологиялық дайындығының жоспарланатын соңғы деңгейін өтінім беруші ҒҒТҚН сипаты мен жобаны іске асыру мерзімін ескере отырып айқындайды және негіздейді.
ҒҒТҚН сипатына және оның технологиялық дайындық деңгейіне байланысты жоба шеңберінде пысықтау, верификациялау, сынау, енгізу және (немесе) ҒҒТҚН одан әрі коммерцияландыруға дайындау жүзеге асырылуы мүмкін.
2.5 Жобалар Алматы облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын және Қазақстан Республикасының тиісті салалық құжаттарын қоса алғанда, олардың тақырыбына қолданылатын стратегиялық және бағдарламалық сипаттағы мемлекеттік және өңірлік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
2.6 Жобалар Алматы облысының өзекті міндеттерін шешуге бағытталуы және оның аумағында мәлімделген ҒҒТҚН-ны сынақтан өткізуге сынауға, енгізуге және (немесе) практикалық қолдануға байланысты негізгі іс-шаралар бөлігінде іске асырылуы тиіс.
2.7 Жобаны іске асыру жеке әріптес тарапынан сұратылған гранттық қаржыландыру сомасының кемінде 5% (бес пайызы) мөлшерінде ақшалай нысанда міндетті қоса қаржыландыруды көздейді.
Жарғылық капиталға қатысу үлесінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғам жеке әріптес бола алмайды.
Жобаны қоса қаржыландыру жөніндегі жеке серіктестің ниеті еркін нысанда жасалған және өтінім құрамында ұсынылған салым туралы келісіммен расталады. Келісімде ақшалай салымның мөлшері, оны енгізу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ жеке әріптестің мәлімделген соманы конкурс қорытындылары бойынша жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей енгізуді қамтамасыз ету міндеттемесі қамтылуға тиіс.
Бірлесіп қаржыландырудың әрбір толық қосымша 1% (бір пайыз) үшін белгіленген ең төменгі мөлшерден 5% (бес пайыз) артық жобаны бағалау кезінде 1 (бір) қосымша балл есептеледі, бірақ 10 (он) баллдан аспайды
2.8 Бірлесіп қаржыландыру қаражаты жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде жоба бойынша мақсаттар мен міндеттерге ғана жоспарлануы және жұмсалуы тиіс.
Мынадай шығыстар қоса қаржыландыру қаражаты есебінен қаржыландыруға жатпайды:
1) Құмар ойындарды, темекі бұйымдарын, алкогольдік ішімдіктерді, қару-жарақ пен әскери құралдарды өндіру және (немесе) сату;
2) қандай да бір үшінші тарапқа берешекті пайыздар (%) және (немесе) өтеу;
3) болашақ ықтимал шығындарға және (немесе) борыштарға арналған шығыстар мен резервтер;
4) өкілдік шығыстар.
2.9 Жекеше әріптесті ауыстыруға ерекше жағдайларда ұйымдастырушымен келісім бойынша жаңа әріптес осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келген және қоса қаржыландыру мөлшері конкурс нәтижелерін айқындау кезінде ескерілген мөлшерден төмен болмаған жағдайда жол беріледі
Жобаны іске асыру барысында жеке әріптес салым ниетінен бас тартқан не Ғылыми кеңестің шешімі бойынша баламалы ауыстыру болмаған жағдайда жобаны қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін.
2.10 Осы конкурс шеңберінде өтінім және (немесе) іске асыру нәтижелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобалар қаралмайды.
3. Ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары
3.1 Қолданбалы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаның ғылыми жетекшісі (бұдан әрі – жоба жетекшісі) Қазақстан Республикасының резиденті болуға және мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс
– ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы. Бұл ретте шетелде алынған дипломдардың баламалылығын тану рәсімінен өту талап етілмейді;
– жоба басшысының ғылыми зерттеу саласы және (немесе) оның ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі мәлімделетін жобаның тақырыбына сәйкес келуі тиіс.
3.2. Жоба жетекшісінің соңғы 5 (бес) жыл ішінде жоба берілетін ғылым бағыты бойынша мынадай жарияланымдары болуы тиіс.
ScienceCitationIndexExpandedиндекстелетін және WebofScienceбазасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар және (немесе) ScopusбазасындаCiteScore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар;
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақала
Жарияланымдар мәлімделетін жобаның ғылыми бағытына және (немесе) тақырыбына сәйкес келуі тиіс
3.3 Зерттеу тобының негізгі персоналында жобаны орындау және мәлімделген ҒҒТҚН-ға қол жеткізу үшін қажетті ғылыми, ғылыми-техникалық, инженерлік, технологиялық, цифрлық және (немесе) өзге де кәсіби құзыреттер жиынтығы болуға тиіс.
3.4 Қосымша персоналдың құрамына мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі және кәсіби бухгалтер сертификаты бар бухгалтер міндетті түрде қосылады.
3.5 Зерттеу тобына қатысушылардың құрамы, біліктілігі мен функциялары өтінім құрамында ұсынылған мәліметтермен және құжаттармен расталады.
3.6 Жоба жетекшісі жобаны іске асыру барысы және қол жеткізілген нәтижелер
туралы аралық және қорытынды есептерді дайындайды және оларды "КжИИДБ" ММ-ге ұсынады. Қорытынды есепте қол жеткізілген KPI туралы мәліметтер, апробацияны/енгізуді растау және аймақ үшін нақты әсерді бағалау болуы керек.
4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
4.1 Өтініш берушінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлігі болуы.
4.2 Осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім. Жобаның аннотациясы мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Гранттық қаржыландырудың өтінімі мен өзге де құжаттары мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
4.3 Осы конкурстық құжаттамаға 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҒҒТҚН практикалық іске асыру және іске асырудан кейінгі даму жоспары.
4.4 Осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның таныстырылымы
4.5 Жобаны қоса қаржыландырудың мәлімделген көлемін растайтын жеке әріптеспен келісім.
4.6 Шығыстар сметасын растайтын құжаттар (әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстары және (немесе) скриншоттар және(немесе) сайттарға және(немесе) дистрибьюторларға және (немесе) электрондық онлайн-алаңдар мен онлайн-хабарландыру платформаларына сілтемелер.
4.7 Акселерациялық және (немесе) бизнес-инкубациялық бағдарламалардан өткені туралы сертификатбар болған жағдайда.
5.Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар
5.1 Өтінімнің мазмұны мен қағаз тасығышта ұсынылған құжаттардың құрамы өтінімнің мазмұнымен және электрондық нысанда ұсынылған құжаттармен бірдей болуға тиіс.
5.2 Өтінімдер академиялық және зерттеу этикасының қағидаттары мен нормаларына сәйкес болуы тиіс.
5.3 Өтінімде жобаны іске асыру мерзімі туралы ақпарат болуы тиіс – шарт жасалған күннен бастап 12 ай.
5.4 Заңды тұлғалар үшін бірлігіне кемінде 25 млн. теңге тұратын ғылыми жабдықты сатып алу үшін кемінде 3 (үш) баға ұсынысын қоса беру қажет.
Жобаны іске асыру шеңберінде құны кемінде 25 млн. теңге болатын ғылыми жабдықты сатып алуға конкурсқа тек заңды тұлға ретінде қатысқан кезде ғана жол беріледі
Заңды тұлғалар үшін құны кемінде 25 млн. теңге болатын сатып алынатын ғылыми жабдық электрондық зертханалардың (elab) бірыңғай платформасында тіркелуі міндетті.
Ғылыми жабдықтар ғылыми зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі керек.
5.5 Құны бір бірлігіне кемінде 25 млн. теңге болатын ғылыми жабдықты сатып алу көзделген жобада жабдықты одан әрі ауыстыруға немесе алып тастауға жол берілмейді Өтінімнің күтілетін нәтижелерінде, сондай-ақ күнтізбелік жоспарда жабдықтың атауы және жабдықты қолдана отырып эксперименттік зерттеулердің нәтижелері міндетті түрде көрсетіледі.
5.6 Күтілетін зерттеу нәтижелері сұралған қаржыландыру көлеміне сәйкес болуы керек.
5.7 Ғылыми жетекшіні қоса алғанда, зерттеу тобының барлық мүшелерінің еңбегіне ақы төлеудің жалпы қоры жобаны іске асырудың барлық кезеңінде (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда) сұратылған қаржыландырудың жалпы көлемінің 30% - (отыз пайызынан) аспауға тиіс
5.8 Өтініш беруші өтінімде және қоса беріліп отырған құжаттарда қамтылған мәліметтер мен материалдардың толықтығы, дұрыстығы және түпнұсқалығы үшін жауапты болады
5.9Жобаға қатысушылар жобаны дайындау және іске асыру кезінде ғылыми этика, академиялық адалдық, құпиялылық, деректерді қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.
Плагиатқа, жалған бірлескен авторлыққа, тиісті негіздемесіз бұрын алынған нәтижелердің қайталануына, басқалардың нәтижелері мен деректерін беруге, ғылыми деректерді ойдан шығаруға және бұрмалауға және ғылыми этиканың өзге де бұзылуына жол берілмейді
5.10 Өтінім беруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өтінімді ұйымдастырушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін өтінімді өзгертуге немесе толықтыруға жол берілмейді
5.11 Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін өтінімдер сараптама орталығына сараптамаға, жобалардың қайталану фактісі мен экономикалық негізділігін болдырмау мәніне тексеруге жіберіледі
5.12 Осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер мынадай себептер бойынша қабылданбайды:
- Конкурстың басым бағыттарына сәйкес келмеуі жоба осы Ереженің 2-бөлімінде айқындалған бағыттарға жатпайды.
- Құжаттардың толық емес немесе дұрыс ресімделмеген пакеті-міндетті қосымшалардың болмауы, өтінімнің дұрыс ресімделмеген нысандары, бизнес-жоспар немесе қаржылық модель.
- Дұрыс емес ақпарат-ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері, команда құрамы, қаржы немесе заңды мәртебесі туралы жалған деректер беру
- Ғылыми немесе практикалық маңыздылықтың болмауы - жоба жаңалықты, инновациялық әлеуетті немесе практикалық қолдану мүмкіндіктерін көрсетпейді
- Өтінімдерді беру мерзімдерін бұзу - конкурсты беру кезінде кешігу немесе белгіленген мерзімдерді сақтамау
Мүдделер қақтығысы - қатысушы конкурсқа объективті қатыса алмайтын жағдайлардың болуы
5.13 Алып пайдалалануларды анықтаудың лицензиялық жүйесінде (платформасында) тексеру нәтижелері бойынша ғылыми этиканы бұзу (плагиат және жалған бірлескен авторлық, қайталану, бөтен деректерді беру, ғылыми деректерді ойдан шығару және бұрмалау және т. б.) фактілері анықталған жағдайда өтінім қабылданбайды.
6. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар
6.1 ҒҒТҚН және оның практикалық қолданылуына қойылатын талаптар.
6.1.1 Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша таңдалған мамандандырылған ғылыми бағытқа сәйкес келетін өлшенетін сандық және (немесе) сапалық сипаттамалары, практикалық қолданылуы бар және технологиялық әзірліктің мәлімделген соңғы деңгейіне жеткен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің мәлімделген нәтижесі (ҒҒТҚН) алынуға тиіс
6.1.2 Мәлімделген ҒҒТҚН-ға қол жеткізу жобаның сипатына және технологиялық әзірліктің қол жеткізілген деңгейіне сәйкес келетін құжаттармен және материалдармен, оның ішінде сынақ нәтижелері мен хаттамаларымен, апробация актілерімен, техникалық және конструкторлық құжаттамамен, қорытындылармен, қорғау құжаттарымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен тәжірибелік үлгілермен, фото және бейнематериалдармен және өзге де растайтын материалдармен расталады
6.1.3 Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша ҒҒТҚН енгізу (пайдалану) сатысына қол жеткізілген жағдайда «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісінің нысанын және оны келісу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 509 бұйрығына сәйкес ресімделген және келісілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісі ұсынылады
6.2 Жарияланым нәтижелеріне қойылатын талаптар:
6.2.1 Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша мынадай нәтижелердің кем дегенде біреуін алу қамтамасыз етілуі тиіс:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің (ҒЖБССҚК) ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізілген рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар;
Немесе:
Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала және (немесе) шолу.
Multidisciplinary санатына жатпайтын ҒЖБССҚК тізбесінің 1 тізімінен отандық журналдар үшін екі және одан да көп санаттарда индекстелетін ҒЖБССҚК тізбесінің 1 және 2 тізімінен журналдар есептеледі.
6.2.2 ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдағы бір мақала келесі нәтижелердің бірін теңестіреді:
1. өнертабысқа патент, оның ішінде оны беру туралы оң шешім;
2. зерттеу тобы мүшелерінің үлесі 3 (үш) баспа парағынан кем емес және аккредиттелген ғылыми ұйымның ғылыми немесе ғылыми-техникалық кеңесінің ұсынымы болған жағдайда көлемі 5 (бес) баспа парағынан кем емес монография.
6.3 Мақала және (немесе) шолу, егер олар ғылыми басылымның ресми интернет-ресурсында, оның ішінде InPress("баспа түрінде") мәртебесі немесе ұқсас мәртебесі бар жарияланса, жобаның нәтижесі ретінде есептеледі
6.4 Мақалаларды, шолуларды, монографияларды, қорғау құжаттарын, ғылыми іс-шаралар материалдарын және өзге де жарияланымдарды қоса алғанда жоба барысында және (немесе) аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерді жариялау және өзге де тарату кезінде жобаның атауын көрсете отырып Алматы облысының жергілікті атқарушы органының қаражаты есебінен қаржыландырдырылғанды туралынұсқау болуға тиіс.
6.5 Жобаның ашықтығын және нәтижелерінің таралуын қамтамасыз ету үшін орындаушы ұйым өзінің интернет-ресурсында жобаның жеке бетін орналастырады
Бетте жоба туралы қысқаша ақпарат, оның мақсаты, күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер, зерттеу тобының мүшелері туралы мәліметтер және олардың ORCIDScopusAuthoridжәнеResearcherID идентификаторлары, жарияланымдар мен қорғау құжаттары туралы мәліметтер, сондай-ақ ҒҒТҚН практикалық қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылады
Жоба беті оны іске асыру кезеңінде және жоба аяқталғаннан кейін 5 (бес) жыл ішінде өзекті күйде ұсталуы тиіс.
Жобаның неғұрлым маңызды ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелері және оларды практикалық қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат орындаушы ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады және (немесе) өзге де жалпыға қолжетімді ақпараттық ресурстар арқылы таратылады.
6.6 Жобаны бюджет қаражаты есебінен іске асыру нәтижесінде құрылған зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де актілеріне және мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкес
6.7 Жоба шеңберінде құрылған зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды құқықтық қорғау және оларға билік ету авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырылады
1 қосымша
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды
гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға
Өтінім
Өтінім келесі бөліктерден тұрады:
1) аннотация;
2) түсіндірме жазба;
3) сұратылған қаржыландыруды есептеу.
1. Аннотация
Аннотация жобаның мақсатын, зерттеуге бағытталған проблемаларды, зерттеу жүргізуге негізгі тәсілдерді, күтілетін нәтижелерді, зерттеу нәтижелерінің ғылыми-техникалық (оның ішінде кадрлық) әлеуетке және ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету дәрежесін, сондай-ақ зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығын, яғни оларды Алматы облысын дамытудың басым бағыттары бойынша өзекті міндеттерді шешу үшін коммерцияландыру немесе өзге де нысанда қолдануға дайындығы дәрежесін қысқаша сипаттауды қамтиды
Аннотация көлемі 600 сөзден аспауы керек
2. Түсіндірме жазба
Түсіндірме жазбаның мазмұны мынадай бөлімдерді қамтиды (бұл ретте өтінім нысанындағы сілтемелері бар кестелер, схемалар, диаграммалар түсіндірме жазбаға қосымшаға шығарылады және тиісті бөлімдердегі сөздер санын және өтінім беттерінің жалпы санын есептеу кезінде ескерілмейді):
1. Жалпы ақпарат
1.1. Жоба тақырыбының атауы
1.2. Жобаның басталуы мен аяқталуының болжамды күні, оның айларда ұзақтығы
2. Жобаның жалпы тұжырымдамасы [750 сөзден аспайды]
2.1. Кіріспе бөлім
Жоба идеясының қысқаша сипаттамасы, оны шешуге бағытталған мәселе көрсетіледі. Жобаның пәнаралық сипаты
2.2. Жобаның мақсаты
Мақсат қысқаша және нақты түрде баяндалады, жоба тақырыбына сәйкес келуі керек, қол жетімді болуы керек және жобаны іске асыру нәтижесінде күтілетін шешімнің сипатын көрсетуі керек Мақсаттың мазмұны жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жауап берілуі тиіс негізгі сұрақты көрсетуі тиіс
2.3. Жобаның міндеттері
Бұл бөлімде логикалық өзара байланысты дәйекті тапсырмалар арқылы жобаның мақсатына жету жолы сипатталған. Қойылған міндеттердің тізімі келтірілген:
1) есепті шешудің өлшенетін көрсеткіштерімен;
2) жобаның мақсатына жетудегі міндеттердің әрқайсысының рөлін және басқа міндеттермен және жобаның күтілетін нәтижелерімен өзара байланысын қысқаша негіздей отырып;
3) міндеттердің