Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өнеркәсіп

2019 жылдың 9 айында өнеркәсіп көлемі – 680,1 млрд. теңге, НКИ-103,8%.

2019 жылға арналған жоспар 960 млрд. теңге.

Облыста барлығы 1407 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 32 ірі, 64 орта және 1311 шағын. Кәсіпорындарда 85,3 мың адам жұмыс істейді.

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

Экономиканың басым секторындағы кәсіпорындарды қолдаудың шараларының бірі – «Өнімділік-2020» бағдарламасы.

Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» ЖШС, аймақтағы уәкілетті органдар – Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы және «Дамытудың аймақтық орталығы» ЖШС.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ағымдағы өндірістерді жаңашаландыру (техникамен қамтамасыз ету) арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа өндіріс құру, сервистік қолдау.

Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі (2011-2014жж.) тиімді болды, алайда оң нәтижелермен қатар, кәсіпорынның бағдарламады мүшелік етуіне кедергі болатын проблемалар болды.

  • Өтініштерді қарастыру мен шешім қабылдаудың ұзақтылығы;
  • ҚР МИР аккредитацияланған тізімі ішінен консалтингтік компанияларды таңдау;
  • Бағдарламаға 1 және 2 қосымшаға сәйкес болудың қажеттілігі (критерийлер);
  • Лизингтік қаржыландыруға қол жеткізу кезінде «КИРИ» ЖШС сараптамадан өту қажеттілігі;
  • Тарихи шығындарды өтеудің жоқтығы.

2015 жылдың маусымында, бағдарламаны жүзеге асыру тәжірибесін, кәсіпкерлерді сауалнамадан өткізу нәтижелерін есепке ала отырып, өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік қолдаудың құралдарын берудің шарттары мен тетіктері өзгертілді, жаңа сервистік құралдар енгізіліп, қызмет салалары кеңейтілді, тарихимен қоса, шығындарды өтеу қағидасы қарастырылды. Сондай-ақ қызметке тартатын орындаушыларды өз бетінше таңдау қарастырылды (консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдар).

Бүгінде бағдарлама бойынша кәсіпорындардың лизингтік қаржыландыру үшін кешенді жоспарға арналған, ТЭО құру немесе сараптау үшін (индустрияландыру картасы жобалары үшін, қызметкерді оқыту үшін, оның ішінде шетелде және шет елдерден мамандарды тарту үшін шығындарға өтеу алу мүмкіндіктері бар.

Бағдарламаға қатысу үшін экономиканың таңдаулы секторларында 1 жылдан кем емес жұмыс істейтін ағымдағы кәсіпорындардың барлығы шақырылады, (АПК, жеңіл химия және фармацевтика, құрылыс материалдарын өндіру, көлік жасау, металлургия және т.б.).

Лизингтік қаржыландыруға және лизинг үшін кешенді жоспарды құру үшін шығындардың бір бөлігін төлеуге барлық кәсіпорындар ( start-up жобалармен қоса) қол жеткізе алады.

«КИРИ» ЖШС бірге басқармамен тұрақты түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер, кәсіпорындарға барып кеңес беру тәсілімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарламаға қатысу сұрақтары бойынша «КИРИ» ЖШС хабарласуға болады (8 7172 26-66-96, ішкі н. 1023, 26-66-98/1059; факс: +7 (7172) 26-66-96/1037 ғаламтор-сайт: www.kidi.gov.kz, е-mail: info@kidigov.kz), басқарманың өнеркәсіп бөлімі (8 7282 32 94 29, 30) немесе «Алматы облыстық аймақтық даму орталығы» (8 7282 32-97-33 ).

 

«Экспорт 2020» бағдарламасы

Кәсіпорын-экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау мақсатында «Экспорт 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда, онда экспорттаушыларды қаржылық және сервистік қолдау жүзеге асырылады.

Бағдарлама өндірілетін өнімді экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпорындарды қолдауға, сонымен қатар, шетелдік нарыққа өнімді жылжыту үшін әлеуетке кәсіпорындарды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ бағдарламаның бағыттарының бірі – экономиканың өңдеуші секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту.

Берілген бағдарламаның операторы – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттік», облыстағы уәкілетті орган – Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Қаржылық қолдау – өнімді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындардың (шет елде жарнамалау арқылы нақты өнімді алға жылжыту (БАҚ, баннерлер), тізімдеме құру және шығару, шетелдік көрмелерге қатысу, шетелдегі өкілдікті қамту, шетелде мамандарды оқыту, қазақстандық өндіріске шетелдік сарапшыны тарту және т.б.) 50%-ын өтеу:

Сервистік қолдау кәсіпорындарды ақпараттық-талдамалық қолдау тәсілімен жүзеге асады (талдау, оқыту және тәжірибе алмасу, анықтамалық материалдарды ұсыну, экспорттаушылардың проблемалық мәселелерін зерттеу).

Өнімді алға жылжыту қазақстандық өнім тізімдемелерін шығару, қарым-қатынас алаңдарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады (сауда миссиялары, ұлттық стендтер, мамандандырылған көрмелер және т.б.).

Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде Алматы облыстық «Атамекен» ҰКП келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: +8 7282 401 498(ішкі ном.1616) 8 /7282/ 401024 +7 702 488 06 74 +7 777 4333262 ғаламтор-сайт: www.export.gov.kz е-mail: z.tulegenova@atameken.kz, a.kaskarauov@atameken.kz басқарманың өнеркәсіп бөлімі (8 7282 32 94 29, 30).

Документы
Анықтама
26 ноября 2020
2020 жылдың қаңтар - қазан айларында өнеркәсіп өндірісі
Анықтама
05 октября 2020
2020 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі
Өкім
15 сентября 2020
Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 22 тамыздағы "Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясын құру туралы" №99-ө н/қ өкім жобасына өзгерістер енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
Өнеркәсіп
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
«Жетісу МаЖиКо агрокешені» ЖШС
Перейти
 «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС
Перейти
«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС
Перейти
Услуги
Организации
Алматы облысының Кәсіпкерлік және Индустриялды-инновациялық даму басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы