Пайдаланылмай тұрған мемлекеттік мүлік сіздің жобаңыз үшін жаңа бастамаға айналуы мүмкін!
SAUDA платформасында коммерциялық үй-жайларды, жер учаскелерін және басқа да активтерді ашық әрі тиімді шарттармен таба аласыз.
✅ Ашық және жария сауда-саттық
✅ Қолдануға ыңғайлы жеке кабинет
✅ Онлайн қатысу мүмкіндігі
Бүгін Қытайда Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форумы өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды. Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.
Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.
«Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын (іске қосылған жобаларды есептемегенде) 259 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 155 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 73 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 4,5 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 65 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.
Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Логистикадан бастап өнеркәсіп саласындағы ірі жобалар қолға алынған.
Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. «Бұл жоба өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.
«Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген облыс әкімі компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық республикалық акциясы аясында 2026 жылы 28 наурызында Алматы облысы Қонаев қаласында сенбілікке Алматы облысы Қаржы басқармасының қызметкерлері өз үлестерін қосты. Сенбілікте жалпы 300 тал ағаш көшеттері отырғызылды.
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.
Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.
Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.
Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.
Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.
Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.
Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.
Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.
📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.
📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:
🌐 Сайт арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://sailau.almobl.kz
2️⃣ ЖСН енгізіңіз
3️⃣ «Тексеру» батырмасын басыңыз
4️⃣ Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз
🤖 Telegram-бот арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/sailau_almobl_bot
2️⃣ «Бастау» батырмасын басыңыз
3️⃣ ЖСН енгізіңіз
4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз
📞 Call-орталық арқылы:
109 нөміріне қоңырау шалыңыз
Қоңырау шалу тегін. Мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
✅ Тексеру бар болғаны бірнеше минутты алады.
2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде.
Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.
- «Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», - деді Мейрамгүл Айтова.
Референдум учаскесін қалай білуге болады?
Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:
ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;
бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);
облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;
Telegram-бот арқылы.
Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):
Алматы облысы – 109
Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111
Алатау қаласы – 8 (727) 3042629
Балқаш ауданы – 8 (72773) 95496
Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 20777
Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22340
Іле ауданы – 8 (72752) 20892
Қарасай ауданы – 8 (72771) 29981
Кеген ауданы – 8 (72777) 21170
Райымбек ауданы – 8 (72779) 21994
Талғар ауданы – 8 (72774) 21284
Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21739
Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.
|
Аймақ коды (саны) |
Аудан / қала атауы орыс тілінде |
аудан/қала атауы қазақ тілінде |
Сall-орталықтың телефоны |
орналасқан жері (көше, үй) |
Жауапты (аты-жөні, лауазымы, ұясы. телефон) |
Ескерту |
|
1907 |
Алматинская область |
Алматы облысы |
109 |
Алматы облысы, Қонаев қаласы, 3 ықшам аудан, 3 |
Ибрагимов Ермек Навлетжанович, «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ басшысы, 87086167360 |
|
|
1907 |
город Конаев |
Қонаев қаласы |
8 (72772) 22111 |
Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13 |
Ералиева Айгерим Берикболовна, "Алматы облысы Қонаев қаласы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, 87715350590 |
|
|
1907 |
город Алатау |
Алатау қаласы |
8(727) 3042629 |
Алматы облысы, Алатау қаласы, Қоянқұс ықшамауданы, Б.Момышұлы көшесі, 157/1 |
Сапиев Асет Шолпанбекович, "Алматы облысы Алатау қаласы әкімі аппараты" ММ бас инспекторы, 87079280619 |
|
|
1907 |
Балхашский район |
Балқаш ауданы |
8(72773) 95496 |
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 64 |
Рахат Толғанай Нұрланбекқызы, "Алматы облысы Балқаш ауданы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87474710618 |
|
|
1907 |
Енбекшиказахский район |
Еңбекшіқазақ ауданы |
8 (72775) 2 07 77 |
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Ж.Жабаев проспекті, 21 |
Жолмаганбек Жанболат Боранбайұлы, "Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87071017949 |
|
|
1907 |
Жамбылский район |
Жамбыл ауданы |
8(72770) 22340 |
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 56 |
Чилдебаев Кундызби Мелисович, "Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі аппараты"ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87073988699 |
|
|
1907 |
Илийский район |
Іле ауданы |
8(72752) 20892 |
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 8 |
Муханова Камилла Талғатқызы, "Алматы облысы Іле ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87084857712 |
|
|
1907 |
Карасайский район |
Қарасай ауданы |
8(72771) 29981 |
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213 |
Төлегенов Берік Бейсембайұлы, "Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппараты" ММ біріңғай персоналды басқару қызметіні бөлімінің бас маманы8708 193 28 85 |
|
|
1907 |
Кегенский район |
Кеген ауданы |
8(72777) 21170 |
Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 19 |
Әбділда Жасұлан Ерланұлы, "Алматы облысы Кеген ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 87086901213 |
|
|
1907 |
Райымбекский район |
Райымбек ауданы |
8 (72779) 21994 |
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22 |
Бүктербаев Алмат Тұрсынұлы, "Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы, 8771454991 |
|
|
1907 |
Талгарский район |
Талғар ауданы |
8(72774) 21284 |
Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65 |
Айтбеков Нұрбек Қайратұлы, "Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, 87072629617 |
|
|
1907 |
Уйгурский район |
Ұйғыр ауданы |
8(72778) 21739 |
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Юнус Раджибаев көшесі, 75 |
Устембай Өмірсерік Ықыласұлы , "Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы, 87081803717 |
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.
📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:
🌐 Сайт арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://sailau.almobl.kz
2️⃣ ЖСН енгізіңіз
3️⃣ «Тексеру» батырмасын басыңыз
4️⃣ Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз
🤖 Telegram-бот арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/sailau_almobl_bot
2️⃣ «Бастау» батырмасын басыңыз
3️⃣ ЖСН енгізіңіз
4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз
📞 Call-орталық арқылы:
109 нөміріне қоңырау шалыңыз
Қоңырау шалу тегін. Мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
✅ Тексеру бар болғаны бірнеше минутты алады.