Алматы облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары А.М. Ақшолақова Алматы облысы Мәслихатының «Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша» тақырыбындағы отырысына қатысып баяндама жасады

Алматы облыстық мәслихатының «тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссия отырысы тұрақты комиссия төрағасы Д.Жарасбаевтің төрағалығымен өтті.

Тұрақты комиссияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
 
1. Алматы облысы бойынша екінші тоқсанда әлеуметтік нысандарға бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі туралы мәселе;
 
2. Алматы облысы бойынша қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандыру, газдандыру, су жүйесі, кәріз жүйесі және жолдар мен көшелерді электр жүйесімен жарықтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
 
3. «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» (Ұлттық жоба);
 
4. Облыстың (республикалық, жергілікті) автомобиль жолдарында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі туралы;
 
5. Жолаушы көлігі саласын дамыту облысішілік ауданаралық, ауданішілік бағыттарды ұйымдастыру мәселесі.