
Алматы облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Нұрғазы Исабекұлы Жанашев «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы отырысында «Қарызсыз қоғам» жобасының Алматы облысында іске асуырылуы туралы баяндама жасады.
«Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде ағымдағы жылы облыс бойынша 8500 адам қаржылық сауаттылыққа оқытуға жоспарланған.
Бүгінгі күні кестеге сәйкес 3746 адам оқытылды немесе жоспардың 44%.
Оқытылған адамдардың 80% - ауыл тұрғындары (2989 адам), 20% - қала тұрғындары (757 адам).
Негізінен әйел адамдар оқудан өтті, олардың үлесі 77,5% (2904 адам), оның ішінде 27% 4 және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы санатынан (786 адам).
Жоба шеңберінде 732 қатысушыға жеке консультация берілді.
Атап айтқанда, 412 адам (56,3%) инвестициялық құралдар (акциялар, облигациялар) және отбасылық бюджетті құру, резервтік капиталды қалыптастыру, ағымдағы қаржылық жағдайды бағалау және қаржылық мақсаттарды белгілеу бойынша кеңес алды.
Сондай-ақ, 421 қатысушыға (11,2%) enbek.kz сайтында тіркелуге «Bastau Business» сертификатын алуға (143 адам), депозит ашуға (42 адам), несиелеуге құжаттар жинауға («Ауыл Аманаты», 5 млн. теңгеге дейін гранттар бойынша, ЕДБ – 121 адам), гранттар мен несиелер бойынша бизнес-жоспарларды әзірлеу (115 адам) бойынша көмек көрсетілді.
Алаяқтық фактісі бойынша (53 адам) және қосымша табыс іздеу (234 адам) бойынша 287 адамға кеңес берілді, 96 қатысушыға заңгерлік көмек көрсетілді.
Оқуды аяқтағандардың ішінде 400 жуық адам жұмысқа орналастырылды (жұмыспен қамту орталығының оперативтік деректеріне сәйкес).
Жалпы, облыста жоба бойынша оқыту кестеге сәйкес «AMANAT» партиясының аудандық филиалдарымен және тренерлермен тығыз байланыста жүргізіледі.