Алматы облыстық мәслихатының кезекті III сессиясы

Алматы облыстық мәслихатының кезекті III сессиясы

2023 жылғы 22 мамырда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінде «2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп» мәселесі бойынша азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық онлайн талқылауы өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынылған редакцияда қабылдау ұсынылды.

2022 жылғы 24 мамырда облыс әкімі М.Сұлтанғазиевтің қатысуымен Алматы облыстық мәслихатының кезекті III сессиясы өтіп, күн тәртібінде «Алматы облысының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» мәселе қаралды.

Қаржы басқармасының басшысы Б.Ұзақова облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің атқарылуы туралы мәліметтермен таныстырды.

Нәтижесінде депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен 2022 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілді.