Алматы облысы Қаржы басқармасының өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Жауап |
|
1 |
«Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ |
Сыйға тарту шарты бойынша мүлік коммуналдық меншікке қалай қабылданады? |
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі «Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды сатып алу ережесін бекіту туралы» № 1103 қаулысына сәйкес коммуналдық меншікке қабылданады |
|
2 |
«Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ |
Мемлекеттік мүлікті жалға беру шарты қандай мерзімге жасалуы мүмкін? |
Мемлекеттік мүлікті жалдау шарты «Мемлекеттік мүлікті жалға беру (жалдау) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына сәйкес шарт талаптары орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен 3 жылдан аспайтын мерзімге жасалады. |
|
3 |
«Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ |
Көлік құралдарын сатып алу бойынша тендерге кім қатыса алады? |
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «e-qazyna.kz» порталында конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады |
|
4 |
«Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ |
Жеке тұлғалардың қате төлеген сомасы облыстық бюджеттен қалай қайтарылады? |
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес, Облыстық бюджеттен қате төленген сомаларды қайтаруды жүзеге асыру үшін төлем түбіртегінің көшірмесін, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, қаражат түскен ҚБК және қайтаруға арналған банктік шот көрсетілген қайтару туралы өтінішті ұсыну қажет. |
|
5 |
«Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ |
Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі? |
«Ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер) ақпаратты орналастыру және қоғамдық талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі No 149 бұйрығына сәйкес, ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақ және орыс тілдерінде орналастырады |