Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!

Жер сілкінісінің салдарына байланысты барлығыңыздан мұқият болып, келесі нұсқауларды орындауларыңызды сұраймыз:

1️. ТЖ жою жөніндегі жедел штаб ғимараттардың, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін бақылайды. Құтқару қызметтерінің нұсқауларын сақтау және эвакуациялауға дайын болу қажет.

2. ТЖД сейсмикалық белсенділікке талдау жүргізеді және ағымдағы жағдай туралы хабардар етеді. Жедел штабтың ақпаратын қадағалаңыз.

3. Өрт сөндірушілер жер сілкінісінен кейінгі өрттерге тез арада барады. Құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз және өрт қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмаңыз.

4. Медициналық пункттер зардап шеккендерді қабылдауға дайын. Қажет болса, медициналық көмекке жүгінуден тартынбаңыз.

5. Полиция департаменті тәртіпті қамтамасыз етеді, қозғалысты реттейді және эвакуацияға көмектеседі. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.

6️. ТКШ қосымша қауіптердің алдын алу үшін коммуналдық қызметтерді уақытша өшіруі мүмкін. Оларға жұмыс жүргізуге көмектесіңіз және нұсқауларды орындаңыз.

7. Баспасөз қызметі Сіздерді барлық жаңалықтармен ақпараттандырады және төтенше жағдай кезінде іс-әрекеттер бойынша ұсыныстар береді. Жаңалықтарды қадағалаңыз және жалған ақпарат таратпаңыз.

Дата публикации
04 марта 2024
Дата обновления
04 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 октября 2026
Жиі қойылатын сұрақтар тізбесі
Тұрғындарға арналған ақпарат
09 июля 2026
Жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Тұрғындарға арналған ақпарат
20 апреля 2026
Алматы облысы қаржы басқармасы басшысының 2026 жылғы ІІ тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі.

Социальные медиа

Almoblfin

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы