2020 жылға арналған бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба
Алматы облысының қаржы басқармасы " ММ"
"Алматы облысының қаржы басқармасы" ММ бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алуды және бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асырады, облыстық коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Басқарманың миссиясы бюджеттік ақшаны және облыстық коммуналдық меншікті басқару болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері: бюджеттің атқарылуына мониторингті жүзеге асыру,бюджеттік есепке алудың бухгалтерлік есебін және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу, облыстық коммуналдық меншікті тиімді басқару.
2020 жылға арналған қаржы басқармасы бойынша бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы №145 бұйрығымен бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес жасалды.
Басқарма штат кестесіне сәйкес 30 мемлекеттік қызметші және 8 техникалық персонал бірлігінен тұрады.
Басқарманың тиімді қызметін қамтамасыз ету және 2020 жылға арналған облыстық бюджетте 001 "Жергілікті бюджеттің және коммуналдық меншікті басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүктелген міндеттерді орындау үшін ұстауға 167 591,0 мың теңге сомасында қаражат көзделеді.
009 "Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу"бағдарламасы бойынша.
Осы ерекшелік бойынша кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қойылатын мемлекеттік мүлікті бағалауға арналған шығыстар көзделген.
Алматы облысының жергілікті атқарушы органы қатысатын заңды тұлғалар бөлігінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу жүйесіне қол жеткізуді ұсыну және қолдау.
Газетке ақпараттық өнімді орналастыру бойынша шығыстар. Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға, сенімгерлік басқаруға беру, жекешелендіру бойынша тендер өткізу туралы хабарламаны орыс және қазақ тілдерінде жариялау. Облыстық ауқымдағы мерзімді баспасөз басылымы, аптасына кемінде үш рет жарияланым.
Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер (сумен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың магистральдық желілері, қазандық, кәріздің магистральдық желілері және т. б.))
Салынған инвестицияларды бағалау және жекешелендірілетін мемлекеттік мүліктің құнын айқындау.
Осы ерекшелік бойынша 2020 жылға 16 683,0 мың теңге қаражат көзделген.
013 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша"
2020 жылға арналған 414 ерекшелік бойынша 257 013 000 бағдарламасы бойынша Бюджет 1 107,0 мың теңгені құрайды.
028 "Коммуналдық меншікке мүлік сатып алу" бағдарламасы бойынша
2020 жылға арналған бағдарлама бойынша Бюджет 47 000,0 мың теңгені құрайды