«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

«Алматы облысының қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ 

                                              1-тарау. Жалпы ережелер

 «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу  және облыстық коммуналдық меншікті басқарудың  саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
  2. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеме
    ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Алматы облысының қаржы  басқармасы» мемлекеттік мекеменің егер заңнамаға сәйкес осыған№уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 48. Индекс 040000.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай  құжаты  болып  табылады.
  11. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру  облыстық бюджеттен  жүзеге асырылады.
  12. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлікдсубъектілерімен «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын
    міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 14. «Алматы облысының қаржы  басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Бюджет  қаражатын  және облыстық коммуналдық меншікті басқару.

  1. Міндеттері:

1) бюджеттің атқарылуын мониторингілеу;

2) жергілікті бюджеттің  атқарылуы  бойынша  бухгалтерлік  есепке алу мен   бюджеттік есептілікті жүргізу ;

3) облыстық коммуналдық меншікті тиімді басқару.

  1. Функциялары:

         1) бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;

         2) бюджеттің атқарылуы бойынша   іс-шаралар кешенін орындайды, бюджеттің атқарылуы жөнінде облыстық бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің іс-әрекетін ұйымдастырады;

         3).бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмау себептерін айқындау мақсатында,  бюджеттің  атқарылуы  көрсеткіштерін  талдау,  жүйелі түрде ақпарат жинақтау негізінде бюджеттің мониторингісін жасайды, бюджеттің түсімдерімен шығындарының орындалуын болжайды; 

         4).бюджеттік мониторингтің нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық органға тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есеп жіберіледі;

         5) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді; 

         6)бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға облыс бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады; 

         7).облыстық бюджет бойынша міндеттемелері жөніндегі  қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді; 

         8)салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің орындалуын бақылайтын мемлекеттік органдардың және облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар  енгізеді;    

         9) облыс әкімдігінің резерв қаражатын пайдалануына қызмет көрсетеді, есебін жүргізеді және талдау жасайды;

         10) бюджет қаражатының қалдықтары және өткен қаржы жылында республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің  пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасы туралы  ақпарат береді;

         11).бюджеттің уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру процедурасы жүзеге    асырады;     

         12)ббарлық мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларын міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарларының жалпы сомасының Қазақстан Республикасының ББС-ның әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргізеді және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бекітілген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бір данасын бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне  қағаз және магнит (электронды) тасығыштарда береді; 

         13).мемлекеттік мекемелердің билігінде  қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен  ақша  түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын  Сыныптауышы тізбесіне сәйкестігін  қарастырып қабылдайды, тексереді,  келіседі және жоспарларға өзгерістер  енгізу үшін анықтамаларға  келісім береді;

         14) Алматы облысының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша  бюджет қаражатын басқару тиімділігін  бағалау туралы жиынтық ақпарат дайындайды; 

         15). бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингiн жүргізедi, бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады, уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды;

         16) болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негiзiнде алдағы айға күтiлетiн бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргiзедi және болжамды кезеңнiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды; 

         17) қаржы  жылындағы  облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті облыс әкімдігіне, кейіннен маслихат сессиясында қарастырып, бекіту үшін ұсынады;

         18) облыс бойынша, оның ішінде облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен аудан, қала бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізеді және апта сайын облыс Әкіміне және облыс әкімдігіне берілетін ақпаратқа қажетті материалдар дайындайды; 

         19) бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады 

         20).артық (қате) төленген түсімдердің және міндетті төлемдердің сомасының қайтарылуын немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу шотына есепке жатқызылуын қамтамасыз етеді;

         21).облыстың қаржылық, шоғырландырылған  есебін қалыптастырады және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық мемлекеттік органға уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

         22).облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша айлық және жылдық есепті қалыптастырады оны бюджеттің атқарылуы бойынша орталық атқарушы органға тапсырады;

         23).жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын  шығару  және орналастыру бойынша жұмыстар атқарады;

         24)Қазынашылық  органдарында  мемлекеттік-жекешелік әріптестіктердің келесім-шарттарын тіркеуді  жүзеге асырады және деректерді  мемлекеттік  тіркеу  тізіліміне  енгізеді;

         25).облыстық  коммуналдық  меншікті басқарады, оның сақталуы бойынша шара кабылдайды; 

         26) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

         27) мемлекет қатысатын акционерлік қоғам директорлары кеңесінің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына кіреді;

         28) Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік заңды тұлғаларға  бекітіліп берілген мемлекеттік  мүлікті мемлекеттік  меншіктің  бір түрінен  екіншісіне  беру   бойынша жұмыстар ұйымдастырады; 

         29) коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру бойынша жұмыс атқарады; 

         30) сыйға тарту шарты бойынша  мемлекеттік емес заңды тұлғалардың  және  жеке тұлғалардың мүлік құқығына ие болу  бойынша  жұмыс атқарады;

         31) облыстық мемлекеттік  мекемелердің  мүлкін есептен шығаруға келісім береді;

         32)мемлекеттік мүлікті басқарудың, соның ішінде мемлекеттік  кәсіпорындардың, мемлекет үлесімен заңды тұлғалардың, тиімділігінің мониторингін  жүзеге асырады;

        33)облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, пакет акцияларында мемлекеттің қатысу үлесі бар акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің даму жоспарларының орындалу есебін және мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктік есептілігін өткізуді ұйымдастырады; 

            34)облыстық коммуналдық меншіктік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару  нормативін белгілеу бойынша  жұмыстарын атқарады;

         35) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 

         36)облыстық коммуналдық мүлікті  сенімгерлік басқаруға беру, дайындықты  әзірлеу және сенімгерлік басқару шарттарын  рәсімдеу, облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты  бойынша сенімгерлік басқарушымен міндеттемелердің  орындалуын бақылауды жүзеге асырады;  

         37)облыстық коммуналдық мүлікті жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатып алу құқығынсыз мүлікті жалдауға  (жалға) беру  және  кейіннен меншікке өтемсіз беру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдауға (жалға) беру, дайындық әзірлеу және  мүліктік жалдау  (жалға) беру шарттарын әзірлеу, сондай-ақ мүліктік жалдау (жалға) беру келісімдерімен  белгіленген  шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге  асырады;

         38)  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  мемлекеттік сатып алу өткізеді;          

         39).жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына  мүліктік  салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне  берілетін мемлекеттік мүліктің құнын бағалауды ұйымдастырады;

         40) облыстық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға уақытша өтемсіз пайдалануға ұсыну туралы келісім-шарттар жасау;

  1.   Құқықтары мен міндеттері:

          1).Заңдылықтарда белгіленген мерзімде және нысандар бойынша бюджетке түсетін салықтардың сомалары және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратты, мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәселелер        бойынша бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға қажет статистикалық   және өзге де материалдарды салық, атқарушы органдар, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан, басқа да аумақтық органдардан алу және сұратып алу, сондай-ақ өзіне жүктелген қызметтерді орындау үшін басқа да мәліметтерді  сұрау орындау;

   2) өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың шегінде шешімдер қабылдайды;

          3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіретін облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді және өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді;

   4).осы Ережемен және қолданыстағы заңнамамен көзделген функцияларды іске асыру үшін мүдделі органдармен келісім бойынша ведомствоаралық комиссиялар құрады;

   5).«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз өкілеттіктерінің шегінде кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізеді;

   6) заңды және жеке тұлғалардың ол туралы ресми сұранымы болған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнаманың шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады;

   7) жоғарғы тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;

   8) басқарма құзыретіне кіретін облыс әкімінің, әкімдігінің құқықтық  және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

   9).басқарма  мүддесін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, ұйымдарда, сондай-ақ сот және  құқық қорғау органдарында білдіру;

        10).Қазақстан Республикасы заңдарынның талаптарына сәйкес өзге құқықтарды және  міндеттерді  жүзеге асырады.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 

  1. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің
    орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
  2. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
  3. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады;

21.«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

           1) өз орынбасарының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

           2).басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

           3).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

            4)  белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;

           5).өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

           6)  басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

            7)  мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

           8).басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуы барысын бақылайды;

           9).басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

           10) бюджеттік бағдарламаны  бекітеді;  

           11).өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;           

          12) аудан (қала) әкімдеріне аудандық (қалалық) қаржы бөлімдерінің басшыларын, қаржы бөлімдерінің басшыларына қаржы бөлімдерінің қызметкерлерін тағайындауға келісім береді;

           13) Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады;    

         «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде  оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.

              

                              4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

          Ескертпе:

* Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық атқарушы органдар, мәслихат аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік орган, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қамтамасыз ететін мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да қосалқы жұмысын орындайтын мемлекеттік орган,  мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, атқарушы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі мемлекеттік орган.

«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
24 мая 2018