Алматы облысының қаржы басқармасы бойынша 2022 жылы 1 тоқсанында атқарылған жұмысы туралы есеп
Алматы облысының қаржы басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыстық мәслихаттың шешімдеріне, әкімдіктің қаулыларына, өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Қаржы басқармасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады, жүктелген функциялары мен міндеттерін орындайды.
Алматы облысының бюджет 1 тоқсандық жоспары 169 397,1 млн.теңгені құрайды, нақты орындалғаны 166 572,9 млн.теңге немесе 98,3%.