Алматы облысының қаржы басқармасы бойынша 2021 жылы 9 айында атқарылған жұмысы туралы есеп

Алматы облысының қаржы басқармасы бойынша 

2021 жылы 9 айында атқарылған жұмысы туралы есеп

          Алматы облысының қаржы басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыстық мәслихаттың шешімдеріне, әкімдіктің қаулыларына, өкімдеріне  және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.  Қаржы басқармасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады, жүктелген функциялары мен міндеттерін орындайды.

Апта сайын облыс бюджетінің атқарылуына, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша және аудандар (қалалар) бюджеттері бойынша мониторинг жүргізіледі.

Алматы облысының 3 тоқсандық бюджет жоспары 518 919,7 млн.теңгені құрайды, нақты орындалғаны 517 392,1 млн.теңге немесе 99,7%.

2021 жылы 9 айында атқарылған жұмысы туралы есеп
Дата публикации
07 октября 2021