2020 қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепке түсіндірме жазба

Экономикалық ахуал және салық-бюджет саясатының

негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы

 

Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары экономика секторларының барлық бағыттары бойынша өсу қарқынының жоғарылауымен сипатталады.

Облыстың 2020 жылғы жалпы өңірлік өнімі – 3 343,5 млрд.теңгені, бір жанға шаққанда – 1616,2 мың теңгені құрады.

Республикада «Мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы облыс экономикасының нақты секторларының дамуына ықпал етті.

2020 жылы облыста 1167,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем  көрсеткіші 102,3%-ды құрады.  

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,3% өсіммен 918,0 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылы 51,8 млрд.теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде субсидиялау бойынша – 46,2 млрд.теңге.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылы 310,2 млрд.теңгені құрады немесе 2019 жылға қарағанда – 106,8%.

2020 жылы белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 123,2 мың бірлікті құрады.

2020 жылдың қорытындылары бойынша негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 680,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,0%.

2020 жылы мемлекеттік бюджет жоспар бойынша  102,6% орындалып, жоспарланған 547,5 млрд. теңгенің орнына 561,7 млрд. теңге түсті,  бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10,3%-ға артық (2019 жылы – 509,3 млрд. теңге). Республикалық бюджетке – 278,0 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 283,7 млрд. теңге түсті.

2020 жылы облыс бюджетінің шығыстары 99,7% орындалды немесе  нақтыланған жоспар 744,4 млрд. теңге болғанда 742,1  млрд.теңгеге жұмсалды. Шығындардың жалпы көлемінің басымды бағыттары: білім беру саласы 42,1%, денсаулық сақтау 4,5%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 13,0%,  ауыл шаруашылығы 8,9%  үлеске ие.

түсіндірме жазба
Дата публикации
18 июня 2021