2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі
Алматы облысының 2020 жылға арналған бюджетінің кіріс және шығыс жоспары 586 347,5 млн.теңге болды, оның ішінде меншікті облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары жыл басында 494 316,9 млн.теңге болып бекітілсе, жыл барысында 5 рет нақтыланып, 13 рет түзетулер енгізіліп бюджет көлемі - 649 509,2 млн.теңгені құрады немесе 155 192,3 млн.теңгеге өсті.
Облыстық бюджеттің түсімдері бойынша бюджет 648502,4 млн.теңге немесе 99,8% болып орындалды, оның ішінде меншікті кірістер 34 547,6 млн.теңгеге жоспарланып, нақты түскені 38 873,9 млн.теңге немесе 112,5% болды, жоспардан тыс 4 326,4 млн.теңге түсті.
Облыстық бюджеттің кірісіне 137 650,3 млн.теңге бюджеттік алымдар Іле ауданынан толығымен түсті.
Республикалық бюджеттен жоспарланған 200784,4млн.теңге субвенция мен 184 210,1 млн.теңге нысаналы трансферттер толығымен түсті.
Ай сайын олардың игерілуі жөнінде объективті және субъективті тұрғыдан игерілмеу себептері анықтала отырып, мониторинг жүргізіліп тұрды.
Нәтижесінде нысаналы трансферттердің шығысы 191 107,6 млн.теңгеге немесе 99,6%-ға игеріліп, игерілмегені 688,9 млн.теңге. (игерілмеген сомасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44 бабының 5 тармағына және 104, 111 баптарына сәйкес республикалық бюджетке қайтарылды), оның ішінде:
499,4 млн.теңге– агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға берілетін трансферттер бойынша үнем;
90,6 млн.теңге – «Ауыл-Ел Бесігі» жобасы бойынша ауылдық жерлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша жұмыс көлемі болмауына байланысты игерілмеген қаражат (Қарасай ауданының орташа көше жөндеу бойынша (68,1); Кербұлақ ауданы Алтынсарин атындағы орта мектепті жөндеу (14,6); Іле ауданындағы «Әдемі» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу (5,0); Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының тұрғын үй электрмен жабдықтау (2,5); Алакөл ауданы Достық ауылындағы спорт кешені объектісінің құрылысы (0,7).
51,1 млн.теңге – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясындағы Қарасай ауданы Долан, Жамбыл ауданы Үңгіртас және Сарыбай ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы, Талдықорған қаласындағы 300 төсектік көпсалалы ауруханаға қабылдау бөлмесіне арналған қосымша құрылыс бойынша қалыптасқан үнем;
28,8 млн.теңге – әлеуметтік көмек және арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, еңбекақы бойынша үнем;
10,2 млн.теңге – жұмыс көлемі болмауына байланысты игерілмеген қаражат (Талғар ауданы «Көк Алатау» тұрғын алабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы (сыртқы канализация желілері) (4.3); Талғар ауданы Бесағаш ауылы Көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы ПК «Луч Востока» (4.8); Балқаш ауданы, Баканас ауылында (40 га) жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту және жайластыру (1.1).
8,8 млн.теңге – жалақы және басқа шығындар бойынша үнем.
Бұдан басқа республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер 6897,5 млн.теңге толығымен игерілді немесе 100%.
Жалпы облыс бойынша бюджеттің игерілуі 99,7%, игерілмегені 2302,3 млн.теңге, оның ішінде:
1295,5 млн.теңгесі –аудан мен қала бюджеттері бойынша;
1006,8 млн.теңгесі –меншікті облыс бюджеті бойынша.
Меншікті облыстық бюджеттің шығыстары бойынша жоспарланған 649 509,2 млн.теңгенің нақты жұмсалғаны 648 502,4 млн.теңге немесе 99,8%-ға орындалды. Келесі себептер бойынша 1006,8 млн.теңге игерілмеген:
|
526,5 млн.теңге |
Ауылшаруашылық басқармасы бойынша 499,4 млн.теңгесі – РБ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу- бағдарламасы бойынша өтінімдер Ауыл шаруашылығы министрінің 23.07.2018 ж. №317 бұйрығымен бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес қабылданады, "Агро Импекс Алатау" ЖШС компаниясы 167,1 млн. теңгеге ғана шығындарды растады, сондай-ақ тағы 6 инвестордың шығындарын толық растай алмады. 25,3 млн. теңгесі – су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстардың актілері жоқ болғандықтан; 1,8 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
108,9 млн.теңге |
Полиция департаменті бойынша 99,9 млн.теңгесі – тергеу қамауындағыларды тасымалдауға арналған арнайы машина (автозаки) жеткізілмегендіктен; 5,6 млн.теңгесі - материалдық-техникалық базаны нығайтуға тауарлар (арнайы жабдықтар) жеткізілмегендіктен; 3,4 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
104,9 млн.теңге |
Кәсіпкерлік және индустриалық - инновациялық даму басқармасы бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау актілері болмағандықтан: 73,1 млн.теңгесі –сыртқы кәріз құрылысы, 18,9 млн.теңгесі- "ИЗ Талгар" үшін сыртқы газбен жабдықтау, 12,7 млн.теңгесі - Іле ауданында сояны терең өңдеу зауытын сыртқы электрмен жабдықтау; 0,2 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
92,8 млн.теңге |
Облыстың құрылыс басқармасы бойынша 51,1 млн.теңгесі – Қарасай ауданы Долан, Жамбыл ауданы Үңгіртас және Сарыбай ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы, Талдықорған қаласындағы 300 төсектік көпсалалы ауруханаға қабылдау бөлмесіне арналған қосымша құрылыс бойынша қалыптасқан үнем; 24,9 млн. теңгесі – Талдықорған қ. Еркін ауылындағы 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясы бойынша құрылыс жұмыстарынан қалған 5% қалдық; 9,5 млн. теңгесі – Жамбыл және Балқаш аудандарының суару желілерін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік сараптама қорытындысы болмағандықтан; 4,6 млн. теңгесі – Талдықорған қаласындағы муз.колледждің жатақханасының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік сараптама қорытындысы болмағандықтан; 2,7 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
51,2 млн.теңге |
Цифрлық технологиялар басқармасы бойынша 50,0 млн.теңгесі – Бағдарламалық-аппараттық кешенді сатып алу бойынша жұмыстар дер кезінде орындалмағандықтан; 1,2 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
20,6 млн.теңге |
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 16,4 млн.теңгесі – Көксу ауданы Жамбыл ауылы мен Қаратал ауданы Қанабек ауылына газ тарату желілерін салу бойынша орындалған жұмыстардың актілері жоқ болғандықтан; 2,3 млн.теңгесі - Жетіген ауылында газ тарату желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы жоқ; 1,9 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
17,9 млн.теңге |
Білім басқармасы басқармасы бойынша 15,8 млн.теңгесі – Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілері жоқ болғандықтан; 2,1 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
10,3 млн.теңге |
Облыс әкімінің аппарты бойынша 6,4 млн.теңгесі – материалдық-техникалық базаны нығайтуға тауарлар (компьтерлер) жеткізілмегендіктен; 3,9 млн.теңгесі – басқа да шығыстардан игерілмей қалған қалдық; |
|
37,2 млн.теңге |
облыс әкімінің бағытталмаған резерві; |
|
35,0 млн.теңге |
басқа да бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша. |
Бюджеттің шығыс бөлігін жекелеген функционалдық топтар бойынша жіктейтін болсақ:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 0,8 % құрады, жоспары 5022,7 млн.теңге болса, нақты орындалғаны 5011,0 млн.теңге немесе 99,8 %.
«Қорғаныс» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 0,5 % құрады, жоспары 3 468,9 млн.теңге болса, нақты игерілгені 3 467,0 млн.теңге немесе 99,9 %.
«Қоғамдық тәртіп пен қауыпсіздік» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 2,2 % құрады, жоспары 14 102,9 млн.теңге, нақты игерілгені 13993,7 млн.теңге немесе 99,2 %-ға орындалды.
«Бiлiм беру» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 27,3 % құрады, жоспар 176 902,7 млн.теңге болса, нақты жұмсалғаны 176 887,8 млн.теңгені құрап, 100,0%-ға игерілді.
«Денсаулық сақтау» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 5,1% құрады, жоспар 33388,7 млн.теңге болса, нақты игерілгені 33311,9 млн.теңге немесе 99,8%-ға орындалды.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 5,0 % құрады, нақтыланған жоспар 32123,6 млн.теңге, игерілгені 32 119,2 млн.теңге немесе 100 %.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 6,9 % құрады, жоспар 39 771,3 млн.теңге болса, игерілгені 39 768,4 млн.теңге немесе 100,0 % болды.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 3,6 % құрады, жоспары 23 394,8 млн.теңге болса, нақты орындалғаны 23 320,5 млн. теңге немесе 99,7%-ға орындалды.
«Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 1,4 % құрады, жоспар 8 841,7 млн.теңге болса, нақты орындалғаны 8 824,6 млн. теңге немесе 99,8 %-ға орындалды.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 8,7 % құрады, жоспары 56 710,7 млн.теңге болса, нақты жұмсалғаны 56 174,1 млн.теңге немесе 99,1%-ға игерілді.
Өнеркәсіп, саулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі функционалдық тобына арналған жоспары 3221,6 млн.теңге 100,0%-ға игерілді.
Көлік және коммуникация функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 4,8 % құрады, жоспары 31 161,8 млн.теңге болса, нақты орындалғаны 31157,9 млн.теңгеге немесе 100,0% пайызға орындалды.
«Басқалар» функционалдық тобына арналған қаражат барлық шығыстардың 2,7% құрады, жоспар 17461,8 млн.теңге болса, нақты орындалғаны 17318,7 млн.теңге немесе 99,2%.
2020 жылы облыстық жергілікті атқарушы органның резерві 1 898,9 млн.теңгені құрап, оның 18961,7 млн.теңгесі бағытталды, оның ішінде табиғи және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға – 335,5 млн.теңге, шұғыл шығындарға – 1419,2 млн.теңге, сот шешімі бойынша міндеттемелерді орындауға – 107,0 млн.теңге. Жыл соңында бағытталмаған резерв қалдығы 37,2млн.теңгені құрады.
«Алматы облысының 2020 жылға арналған облыстық бюджеті», Елбасының Жолдауынан туындайтын еліміздің азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерге бағытталып жұмсалғанын айтқым келеді.
Тұрақты түрде апта сайын бюджеттің атқарылуына қаражаттың игерілмеу себептері анықтала отырып, мониториг жүргізілді. Осы атқарылған іс шаралар нәтижесінде 2020 жылға арналған облыс бюджетінің шығыс бөлігінің 99,7-ға% игерілуіне қол жеткізілді.