Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 138 қаулысымен бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі объектілерінің кестесі бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес бәсекелес ортаға келесі мерзімдермен 63 объектіні беру жоспарлануда: 2021 жылы 32 объект немесе 50%, 2022 жылы 19 объект немесе 30%, 2023 жылы 6 объект немесе 10%, 2024 жылы 6 объект немесе 10%.
Сондай-ақ, мемлекеттік мүлік Тізілімінде әрбір жекешелендіру объектісін өткізу бойынша Жол карталары бекітіліп орналастырылды.