
Конкурстыңұйымдастырушысы: «Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.
Орналасқанжері: Қонаевқаласы, Қонаев көшесі3Б
Байланыс телефондары: +7 (727)722-06-83
Конкурстың мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі№754«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
Грант сомасы: 5 млн. теңгегедейін.
Конкурстыңтүрі: Ашық конкурс.
Конкурсқақатысуүшінтапсырыс беру орны: «ЭлектрондықҮкімет» веб порталы арқылы «KEZEKTEKZ» ақпараттықжүйесіндеэлектрондықнұсқада.
Конкурстыққұжаттаманыұсынумерзімдері: 2026жылғы «27қазаннанбастап, 2026жылғы «02» қарашақосаалғанда.
Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.kezekte.kz) сілтемесі бойынша беріледі.
Кәсіпкердің (Kezekte.kz) веб-порталы арқылыэлектрондық өтініш беру тәртібі
«Kezekte.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.
Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.
«Kezekte.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:
1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін әр кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.
Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.
Алматы облысында Ұстаздар күні аталып өтіп, үздік педагогтер марапатталды. Оларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, облыс әкімінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хаты» табысталды. Сондай-ақ білім беру саласындағы облыстық байқаулардың жеңімпаздары анықталды.
Мерекелік шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Бүгінде өңірде 35 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Облыс әкімі білім саласына қолдау көрсету, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Адамзат баласының парасат шыңына өрлеуі де, мемлекеттің өркениетті дамуы да ұстаз берген тәлім-тәрбие мен білімнен басталады. Қай салада қызмет етіп, қандай биікті бағындырсақ та, оның негізінде ұстаздың еңбегі жатыр. Ұстаз үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің жетістігі. Бүгінде облыс педагогтері өз шеберлігін жетілдіріп, оқушыларының түрлі білім додаларында биіктен көрінуіне жол ашып келеді. Өздері де кәсіби байқауларда топ жарып жүр. Осындай жауапты жолда жүрген барша ұстазға алғысымды білдіремін», – деді Шыңғыс Әрінов.
Мерекелік шарада ұстаздарға «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру саласының үздігі» төсбелгілері және облыс әкімінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хаты» табысталды. Сонымен қатар «Үздік балабақша», «Үздік ауыл мектебі», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы», «Үздік сынып жетекші» және «Жылдың үздік мұғалімі» байқауларының жеңімпаздары марапатталды.
«Жылдың үздік мұғалімі» атанып, сужаңа автокөлікке ие болған Жамбыл ауданы, Ә. Бейсеуов атындағы орта мектептің мұғалімі Бақытәлі Дәулешияр байқаудың төрт кезеңнен тұрғанын айтты.
«Әр кезеңде жоғары балл жинап, өзін жан-жақты көрсете білген педагог жеңіске жетеді. Биыл бұл марапаттың маған бұйырғанына қуаныштымын. Бұл байқау тек бақ сынайтын жарыс емес. Мұнда педагогтер тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Сондықтан мұндай сайыстардың ұстаздарға берері мол. Ал жақсы мұғалімнің тәлімін көріп өскен алғыр бала елдің жарқын болашағын қалыптастырады», – деді жеңімпаз.
Мұғалімдерге берілетін ең жоғары марапаттардың бірі – «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне ие болған Қарасай ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің директоры Жанар Кулиева да марапат туралы пікірін білдірді.
«Ұстаздар күнінде осындай мәртебелі марапатқа ие болып отырмын. Бұл – педагогика саласындағы 34 жылдық еңбегімнің жемісі. Дегенмен әр мұғалім үшін шәкіртінің жетістігін көргеннен асқан бақыт жоқ. Ең бастысы, педагог оқушыны жақсы көріп, оған шынайы ықыласпен жанашыр бола білуі керек. Мейірім арқылы ғана шәкірт жүрегінен орын аласың», – деді ұстаз.
Іс-шараны өкізудің мақсаты:қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Өткізу нысаны: Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.
Өткізу орны: Қонаев қаласы, Жамбыл к-сі. 13, Қонаев қаласының Мәдениет үйі.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле және Қарасай аудандарындағы ауылдық округ әкімдерімен жиын өткізді. Онда биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы талқыланды. Сондай-ақ инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, жер және су ресурстарын тиімді пайдаланып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шара барысында ауылдық округ әкімдері атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады. Қазіргі таңда өңірдегі елдімекендерде инвестиция көлемін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Елтай ауылдық округінде жартыжылдық қорытындысы бойынша 51,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде оның үшеуі іске қосылған. Нәтижесінде 2,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Негізгі жобалардың қатарында ірі өндірістік кешендер мен логистикалық орталықтар бар.
Ащыбұлақ ауылдық округінде инвестиция көлемі 22,8 млрд теңгеге жетті. Онда өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету салаларында бірқатар өндірістік және коммерциялық жоба іске қосылды.
Аграрлық сала мен мал шаруашылығын дамыту және су ресурстарын ұтымды пайдалану бағытына да ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, биыл Қараой ауылдық округінде 222,7 гектар жерге тамшылап суғару технологиясы енгізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 86%-ға жоғары. Ал Райымбек ауылдық округінде су үнемдеу технологиялары қойылған жер көлемі 200 гектарға дейін ұлғайды. Шамалған округінде көрсеткіш 180 гектарға жеткен. Сондай-ақ бұл елдімекенде 1 542,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілуде.
Мал саны да жылдан-жылға көбейіп келеді. Мәселен, Жамбыл ауылдық округінде ірі қара саны 3 196 басқа, ұсақ мал 2 188 басқа, жылқы саны 913-ке дейін артты.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Жібек жолы ауылдық округінде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Мұнда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тоғыз кәсіпкерге жалпы құны 78,8 млн теңге жеңілдетілген несие берілген.
Жиында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Биыл Қараой ауылдық округінде «Келешек мектептері» жобасы аясында 900 орынды мектептің құрылысы аяқталды. Бұл елді мекендегі үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар 300 орынды жекеменшік зияткерлік мектеп ашылды.
Бүгінде Қаскелең қаласында аудандық көпбейінді орталық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Жоба құны – 4,2 млрд теңге. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал Әйтей ауылында 200 орынды мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ұлан ауылында күніне 50 емделушіні қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Аймақ басшысы округтерде бірқатар бағыттар бойынша оң нәтижелер бар екенін, дегенмен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей, нақты нәтижеге жұмыс істеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар инвестиция көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету, су ресурстарын тиімді пайдалану, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүйелі іске асыру барысын күшейтуді тапсырды.
Кеңес барысында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық мәселесі кеңінен талқыланды.
«Сайлауды жоғары деңгейде өткізу әрбір ауылдық округ әкімінің үйлесімді әрі жауапты жұмысына тікелей байланысты. Әсіресе сайлаушылар тізімінің нақтылығына, сайлаудың заңнамалық талаптарға сай ұйымдастырылуына, тұрғындардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет», – деді Марат Елеусізұлы.
Жиын қорытындысында облыс әкімі сайлауға дайындық барысын жіті қадағалап, ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.
Бүгін, 2 шілде күні сағат 06:50 шамасында Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы «Ақсай карьері» ЖШС аумағында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ сырғыды.
Оқиға орнына тиісті қызметтер жедел түрде жіберілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар аумақты тексеріп, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта инженерлік және қалпына келтіру жұмыстары кешенді түрде атқарылуда. Жұмысқа барлығы 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Қалыптасқан жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Бұл шешім қажетті жұмыстарды жедел жүргізіп, тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Алматы облысының қалған аудандарында жағдай тұрақты.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар Алматы облысының әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.
Тұрғындарды сабыр сақтауға, уәкілетті органдардың ұсыныстарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.