Аудан қауіпсіздігі

Аудан қауіпсіздігі

Қарасай ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнату жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар құқықбұзушылықтардың алдын алуға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 1000 жалпы бейнебақылау камералары орнатылды.

         Қазіргі заманғы бейнебақылау жүйелері қоғамдық орындарды, жолдарды, алаңдарды және басқа да маңызды нысандарды тәулік бойы бақылайды. Камералар бірыңғай мониторинг орталығына қосылады, бұл құқық қорғау органдарына оқыс оқиғаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бейнебақылау қылмыстарды ашуға, жоғалған адамдарды іздеуге және қоғамдық тәртіп бұзушылықтарды тіркеуге көмектеседі.

         Алдағы жоспарларда бейнебақылау жүйесін кеңейту, адам жүзін және көлік нөмірлерін тану функциясы бар интеллектуалды кешендерді орнату, сондай-ақ жедел қызметтермен интеграция жасау көзделген. Бұл шаралар аудан тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттырып, жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ықпал етеді.