Үгіт-насихат профилактикалық іс-шаралар

Үгіт-насихат профилактикалық іс-шаралар

13 қарашада Қарағанды облысының аумағында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері автогаз құю станциялары мен газ толтыру станцияларында рейдтік үгіт-профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Осы іс-шараны өткізу барысында қызметкерлер тұрмыстық газ баллондарын пайдалану ережелерін жеткізді, ұсынымдар берді.

ТЖМ тұрғындарға екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынатыны туралы еске салады. Газ баллондарының  жарамдылығына ерекше назар аударған жөн, яғни оларды жылыту аспаптары мен пештердің жанында орналастыруға, сондай-ақ автогаз құю станцияларында баллондарға жанармай құюға тыйым салынады. Газ баллондары тек мамандандырылған газ толтыру станцияларында жанармай толтырылу қажет, ал суық жерден әкелінген кезде – пайдалану үшін қауіпсіз жерлерде сақталуы тиіс.