«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

Құрметті оқырман, бүгінгі #oqy&toqy айдарын «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметіне арнамақпыз. 

📌Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз

📌Іздеу жолы арқылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін табыңыз

📌Қызметті онлайн сұратыңыз

📌Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз

📌Есеп-шотыңыз жайлы мәліметтерді растаңыз

📌Екінші қадамға өтіп, ЭЦҚ арқылы өтінішті растаңыз

📌Үшінші қадамда отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтерді толықтай толтырыңыз

📌Отбасыңыздың табысын растайтын құжаттардың, үйдің шығындарына қатысты есеп-шоттар мен түбіртектердің скан көшірмесін қоса жүктеңіз

📌Сұранымды растаңыз

 

✔️Тұрғын үй көмегі тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасыларға, мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж жандарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға беріледі.

✔️Тұрғын үй көмегі - жекешелендірілген немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар, коммуналдық қызметтер және байланыс шығындары, әкімдік жеке тұрғын үй қорынан алынған үйдің жалдау төлемдері және электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құны.