Құрметті Қарасай ауданының кәсіпкерлері!
Алматы облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Сіздерді 23 - қазанда өтетін әкімшілік кедергілерді, заңсыз тексерулерді және басқа да кәсіпкерлік мәселелерді шешуге арналған жиынға шақырады.
Бұл жиынның маңызды ерекшелігі: оған жергілікті атқарушы органдардың, әкімдіктің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері қатысып, Сіздердің мәселелеріңізді тыңдап, бірлесе шешуге ат салысатын болады.
Кездесудің мақсаты:
* Қарасай ауданындағы кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылап, олардың шешу жолдарын табу.
* Әкімшілік кедергілерді азайту және бизнес ортаны жақсарту бойынша нақты қадамдарды анықтау.
* Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің жұмысын жақсарту бойынша бірлескен ұсыныстарды қалыптастыру.
Біз үшін Сіздің бұл кездесуге қатысуыңыз өте маңызды!
Өтетін күні: 23 - Қазан
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Қаскелең қаласы, Аудандық мәдениет үйі, көш. Абылай хан, 40
Жиналысқа тіркелу телефоны: +7 705 249 40 00 Қарасай ауданының Кәсіпкерлер палатасының директоры Жанаділ Орынбай
Біз сізді күтеміз!
Құрметпен,
Алматы облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы