
Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматыға кіре берісте бекеттер орнатылатыны айтылды.
"Қалалық полиция департаменті, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматы қаласының кіре берістерінде қала аумағына жануарлардың әкелінуіне жол бермеу және жолын кесу бойынша бекеттер ұйымдастыруы қажет. Құрбандықты онлайн-режимде жүзеге асыруға арналғандардан басқа", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, "Алматы аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы" № 53 қаулыда бірқатар басқа шаралар айтылды. Атап айтқанда, жаппай іс-шаралар өткізуге болмайды, союды ұйымдастыруға және өткізуге, қала аумағында Автомашиналардан және жеке үйлерден мал сатуға тыйым салынады.
Сондай-ақ, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында мал сою цехтары мен базарлардың жұмысын тоқтату тапсырылды. Бұған тек Алматы орталық мешіті белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалатындар ғана кірмейді.