Ағымдағы жылдың 14 тамызында әкімдіктің жұмыс тобы мүшелерінің мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізілді . Жұмыс сапарының нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталды. Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мүгедектігі бар адамдар үшін персоналды шақыру түймесі жұмыс істемейді Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар және олардың орындалу мерзімі берілді.