
Жерлеуге арналған бірреттік төлемдерді тағайындау
Бүгінгі #oqy&toqyайдарынбіз «Жерлеуге арналған бірреттік төлемдерді тағайындау» қызметін онлайн рәсімдеуге арнадық.
✔️Egov.kz порталынакіріңіз
✔️«Жерлеугеарналғанбірреттіктөлемдердітағайындау» қызметінтабыңыз
✔️Қызметті онлайн сұратыңыз
✔️Қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз
✔️Ақпаратты тексеру қажет
✔️Сұранымды жіберіңіз
✔️Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет
☑️Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
✔️Жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат
✔️Заңдытұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіп кердің патенті
✔️Қайтыс болу фактісін растайтын құжат
◾️Құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет үш жұмыс күні ішіндедайын болады.