
«Қазгидромет» РМК-ның 2024 жылғы 15 шілдедегі № 14 дауылды ескерту негізінде 2024 жылғы 15 шілдеден 16 шілдеге дейін Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында бұршақ аралас жауын-шашын жауады.
Солтүстік, оңтүстік, таулы аудандарда өткінші күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан солтүстікке, оңтүстікке, таулы аудандарға қарай желдің екпіні 18-23, кей жерлерде желдің екпіні 28 м/с жетеді.
Қонаев: 16 шілдеде таңертең және күндіз өткінші күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с жетеді.