Қарасай жерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Қарасай жерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына жалпы 2530 адам қатысып, белсенділік танытты.

Сенбілік барысында көгалдар қоқыстардан және сынған бұтақтардан тазартылып, ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілді. 26 бірлік техника жұмылдырылып, 230 тұрғын үй ауласы мен  18ге жуық оқу орындары мен балабақшалар аумағы тазартылды. Нәтижесінде 117 тонна қоқыс шығарылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға Қарасай ауданының халқы белсенді қатысуда және жергілікті тұрғындарды тазалыққа шақыруда.