Студенттер Қыркүйек айында қашықтықтан оқиды

Студенттер Қыркүйек айында қашықтықтан оқиды

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қыркүйек айында ЖОО мен колледж студенттері қашықтықтан білім алатын болады деп хабарлады.

Министрдің айтуынша, колледждер оқу жылын дистанциялық форматта бастайды. Дәстүрлі формат өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру кезінде жеке кесте бойынша қалады. Бұл негізінен бірінші және соңғы курстарға қатысты. Ал шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан колледждерге, егер қолайлы эпидемиологиялық жағдай болса, дәстүрлі форматта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.

Жоғары білім бойынша. Оқыту сондай-ақ дистанциялық форматта ұйымдастырылады, дәстүрлі формат зертханалық жұмыстар үшін, докторантура үшін, өндірістік оқыту, кәсіптік практика үшін жеке кесте бойынша болады.