
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналардың қалауы бойынша бастауыш сынып оқушылары мектепке бара алады деп мәлімдеді. Ол үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады.
- Біз ата-аналарға жазбаша өтініш бойынша бастауыш мектепте кезекші сыныптар ұйымдастыруға мүмкіндік береміз. Ол үшін ата-аналар қауіп-қатерге қарамастан, олардың балаларының сабаққа барғысы келетінін мәлімдеуі керек. Егер осындай тілектер болса, онда мұндай мүмкіндікті қамтамасыз ететін боламыз. Саннорм сақтау қажет, мұнда да нақты шаралар қабылданатын болады, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.