
Қарасай аудандық орталық ауруханасында карантиннің енгізілуіне байланысты, ауданның бас дәрігері Мәулен Малғаждаровтың ағымдағы жылдың үшінші шілдесіндегі бұйрығына сәйкес, онкологиялық науқастарға, сондай-ақ емделушінің өміріне қауіп төндіретін хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді қоспағанда, тәулік бойы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтатылды.
Сондай-ақ, халықты жоспарлы иммундауды, өмірлік көрсеткіштер бойынша медициналық манипуляцияларды, пациенттерді бөле отырып, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде жоспарлы медициналық қызметтер көрсету уақытша тоқтатылды. Дәрігерлер жоспарлы консультацияларды қашықтықтан өткізеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аудан тұрғындарынан медициналық көмекке тек шұғыл жағдайларда, қажеттілігіне қарай хабарласуларыңызды сұраймыз.
.