
«Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету.
Есеп мемлекеттік органдардың қызметінің анықтығын және есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметті көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырады.
2023 жылыауыл шаруашылығы бөлімінде:
Қарасай ауданы бойынша тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiктіркеу және мемлекеттік нөмірлік белгі беру- 629 қызмет көрсетілді.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру - 76 қызмет көрсетіліп, жүргізу құқығына куәліктер берілді.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу- 14 қызмет көрсетіліп, алынған берешектерін толық өтеген сәттен бастап, кепілден шығарылды.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы – 89 қызмет көрсетіліп, арнайы машиналарды техникалық жай күйі толық тексеріліп, бақылаудан өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету:
2023 жылға бекітілген медиа жоспарға сәйкес : газетте 2 мақала, әлеуметтік желіде 3 мақала, аудан әкімінің сайтында 1 мақала жарияланды, 1 бейнеролик, 1 жәрмеңке, 1 дөңгелек үстел өткізілді.
Есептік кезеңде бөлімде 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қосымша бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін 1 оқыту семинары өткізілді.
Бөлім тарпынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.
Халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратпен құлақтандыру үшін бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі ілінген хабарландыру тақтасы бар.
Мемлекеттеік қызметтерді көрсету тәртібі Қарасай ауданы әкімінің ресми сайтында, «Электронды үкімет» веб-порталында жарияланған.
Тиімділік бағасының критерилерінің бірі уақытылы сапалы қызмет көрсету болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету барысында есепті кезеңде негізссіз қайтарылған, мерзімінен кешіктірілген қызмет көрсетулер бөлімде орын алмады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО) www.egov.kz және e-license.kz порталы.
2) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қызмет жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру негізгі мақсат болып табылады.