Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтаманы қалай алуға болады?

Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтаманы қалай алуға болады?
Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру
Бүгін  #oqy&toqy айдарында кәмелет жасына толмаған балалардың мүлкіне иелік етуге арналған  анықтаманы алу жолдары жайлы айтпақпыз. Бұл қызметті онлайн алу үшін қолыңызда балалардың құжаттары, некеге және мұраға қатысты құжаттардың сканерленген көшірмесі және ЭЦҚ болса жеткілікті.  
📌Egov.kz порталына кіріңіз
📌Аталмыш қызмет атауын іздеу жолағына жазыңыз
📌Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
📌Өтініш беруші мен өтініш туралы ақпаратты толтырып шығыңыз
📌Кәмелет жасына толмаған балалар туралы ақпаратты толтырыңыз
📌Мұраға құқық туралы куәліктегі ақпаратты енгізіңіз
📌«Сұранымды жіберу» батырмасын басып, келесі қадамға өтіңіз
📌Өтінімге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз
📌ЭЦҚ арқылы растап, қол қоюды ұмытпаңыз
👏Дайын анықтаманы 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз. 👌
Алматы облысы бойынша  сегіз жүзден астам тұрғын үйлерінен мемлекеттік қызметті алды
Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарттар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады. Ол үшін олардың өздері немесе қамқоршылары 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек. Бұдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары оларға хабарласып, үйлеріне барып мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақытын белгілейді.
Биылғы жылдың 5 айында Азаматтарға арналған үкіметтің филиалдары тұрғындардың үйіне барып, 800 астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Ермек Бекжунусовтың айтуынша, үй-үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету – корпорация құрылған сәттен бастап пайда болған қызмет және осы күнге дейін ол өзектілігін жоғалтқан емес. «Азаматтардың үйлеріне барып көрсетілетін ең танымал қызметтер – паспорттар мен жеке куәліктерді беру, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарын рәсімдеу», – деді Бекжунусов.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясын ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маскалармен және антисептиктермен жабдықталған. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары дәлізден ары өтпей, әлеуметтік қашықтықты сақтайды.
Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп  көңіл бөледі. Азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, ХҚО мамандары есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген. 
Сондай-ақ, мүгедектігі бар 68 азамат Алматы облысы бойынша  филиалында түрлі лауазымдарда жұмыс істейді.