Назар аударыныздар шомылу маусымы!

Назар аударыныздар шомылу маусымы!

Мамандар айтуынша судың температурасы кемінде 18 ° С, ал ауа температурасы - 20 °С болуы тиіс. Бұл факторлар тікелей суда болу уақытына да байланысты:

* 18-19 °С кезінде 3-8 минут,

* 20 °С кезінде 5-10 минут,

* 22 °С кезінде 10-30 минут,

* 24 °С кезінде 15-40 минут •

          Егер су температурасы ұсынылғаннан төмен болса, шомылу қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін. Су объектілерінде балалардың қаза болуын болдырмау мақсатында:

* балаларға суда өз бетінше демалуға рұқсат бермеңіз;

* олармен жылдың жылы мезгілінде су қоймаларындағы тәртіп ережелері туралы түсініктеме жүргізіңіз.

          Судағы  қайғылы оқиғаға әкеліп соғатын  негізгі себептері:

  1. олардың жүзе алмау;
  2. балаларды қараусыз қалдыру;
  3. жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу;
  4. температуралық режимді сақтамау;
  5. суда құтқару және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдерін білмеу, кейде судағы жүріс-тұрыс ережелерін елемеу.

          Құрметті ата-аналар! Балалардың суда қауіпсіз демалуын қамтамасыз етіңіз, ең бастысы, олар үшін үлгі болыңыздар.

        Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, су объектілеріндегі өрттер мен оқиғалар туындаған кезде азаматтық қорғау қызметінің "101", 112 телефоны бойынша қоңырау шалу қажет.