Ауданның бас шыршасы жағылды

Ауданның бас шыршасы жағылды

Аудандық Мәдениет үйінің алаңында Қарасай ауданының бас шыршасы жағылды.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров арнайы қатысып, қарасайлықтарға ізгі тілегін білдірді. Одан кейін ауданынның өнерпаз балаларымен бірге шырша шамын жақты.

Салтанатты шарада әдеттегідей балалар асыға күтетін Аяз ата мен ақшақар келіп, Жаңа жылға арналған ақтілегін білдірді.

Бұл кеште «Үшқоңыр» ФЭА-нің бишілері, «Қалбибі» өнер студиясының шәкірттері және басқа да аудан өнерпаздары ән салып, би билеп, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.