Алматы облысының тұрғындары ХҚКО-ның бірыңғай терезесінен 5700ден астам дайын құжатын алған

Алматы облысының тұрғындары ХҚКО-ның бірыңғай терезесінен 5700ден астам дайын құжатын алған

Алматы облысының тұрғындары ХҚКО-ның бірыңғай терезесінен 5700ден астам дайын құжатын алған

Алматы облысының тұрғындары карантин басталғалы бері ХҚКО-ның бірыңғай терезесінен 5700 ден  астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚКО жабылғанға дейін.

Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚКО белгіленген болатын.

Дайын құжаттарды көбіне Талдыкорган , Қарасай , Іле, Жамбыл Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары алған.

 Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.

Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы  қызметті онлайн түрде алған.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz