Қаскелең қаласында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді.

Қаскелең қаласында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді.

«Алматы облысының еңбек мобильдік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қарасай ауданы бойынша мансап орталығы» филиалы, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Қарасай ауданының прокуратурасының тапсырмасы негізінде, Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Қарасай ауданы жеке сот орындаушы өкілдерінің, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қарасай аудандық филиалының және Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы, Қарасай ауданы пробация бөлімі өкілдерінің қатысуымен 2023 жылдың 21 шілде күні  Қаскелең қаласында аудандық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өткізілді. Ауданымыздың 20 ірі кәсіпорындары мен жеке шаруашылық серіктестіктері қатысып, 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шараға барлығы 150-ге жуық жұмыссыз азамат, оның ішінде, 70 жұмыссыз азамат, 20 пробация есебінде тұрған азаматтар, 30 жастар санатындағы азаматтар, 15 алимент төлеуші жұмыссыз азаматтар және 15 мүгедектігі бар азаматтар қатысты.
Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 150 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 30 жолдама алды. Оның 10 азаматы жас мамандар және 3 мүгедектігі бар азамат.
Ай сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеге жастарымыз бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. Жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға шағын несие беру бойынша, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.
Казпочта Акционерлік Қоғамы, Компания «Маолин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ТОО Тазалык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Компания Орда Шатыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алсад Казакстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КазакАвтоЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «KZ Recycling» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты.