«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі»

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі»

Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру жолында «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізілетіні мәлім. Биыл бұл додаға Алматы облысының абыройын арттыру үшін Қарасайлық азамат Жарылқасын Сақтаған қатысып, республика бойынша ең үздік деп танылды.

Осыған дейін, Алматы облысына қарасты аудандардан 20 үміткердің білімдері сыналып, солардың арасынан Қарасай ауданының атынан қатысқан Жарылқасын Талғатұлы облыс бойынша үздік мемлекеттік қызметші атанған болатын. Осылайша ол комиссия шешімі бойынша Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Жарылқасын Сақтаған елордада өткен республикалық конкурстың шарттарына сәйкес, мемлекеттік аппараттың қызметін арттыру бойынша ұсыныстарын енгізіп, презентация түрінде жұмысын қорғады. Мұндай бақталастыққа Қазақстанның әр өңіріненен 44 мемлекеттік қызметші үміткер ретінде сынға түскенін айта кету керек.

Сонымен республикалық байқаудағы комиссияның шешімімен Қарасай аудандық әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Жарылқасын Сақтағанның жұмыстарын жоғары бағалап, еліміз бойынша үздік мемлекеттік қызметші деп таныды.