
Ағымдағы жылдың 13 - сәуір күні Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, «Қарасай ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімімен», «Қарасай ауданының бұқаралық, спорттық іс - шараларды өткізу орталығы бірігіп ұйымдастырумен Қазақ күресінен Алматы облысының «Алатау арландары» облыстық іріктеу турниріне аудандық «Қарасай бөрісі» турнирі өткізілді.
Жарысқа 1 қала, 10 ауылдық округтен 22 палуан қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша:
1 - орын Адибан Өріс ,Жамбыл ауылдық округі;
2 - орын Сәкенұлы Жігер, Қаскелең қаласы;
3 - орын Асылбеков Қанат, Ельтай ауылдық округі иеленді.