«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы

«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы

«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы мақсатында Республикалық бюджеттен 2023 жылы 140,0 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Алматы облысы бойынша 500 млн теңге қаражат қарастырылған.

Аграрлық кредиттік корпорация осы мақсаттарға кредиттік серіктестіктер, Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы түпкілікті несие алушылар үшін жылдық 5% - ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен несие береді. Бағдарламаның шарттары бойынша қаржыландырылған шаруашылықтар несиені 2024 жылдың 1 наурызына дейін қайтаруы тиіс.

Несие беру шарттары мен несиелік серіктестіктердің байланыстарын осы сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.agrocredit.kz/main/our-activities/lending/ke-dala/