
Әдеп уәкілі жиналыс өткізді
2023 жылғы 12 қаңтарда қала, ауылдық округ әкімдері, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлерінің қатысуымен аудан әкімі аппараты басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл И.Калиевтің төрағалығыме «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыста жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде жер учаскелерінің нысаналы максаттарын өзгерту рәсімдері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселе қаралды.
Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Жарқымбаев, Шамалған ауылдық округінің әкімі Е.Тоқтасынов, Іргелі ауылдық округінің әкімі А.Ысқақов аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Р.Нысанбаева баяндама жасады.
Жиын соңында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл И.Калиев қала, ауылдық округ әкімдеріне, мемлекеттік органдар басшыларына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау, Сыбайлас жемқорлық көріністерінің әрбір фактісіне мұқият талдау жасау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды, қызметкерлер арасында басшылардың өз бағыныштылары үшін жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде бір қатар тапсырмалар берді.