
ТАҒАЙЫНДАУ
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қарасай аудандық мәслихатының шешімімен Естенов Жасұлан Тоққожаұлы Қарасай ауданының әкімі болып тағайындалды. Тиісті өкімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қол қойды.
Естенов Жасұлан Тоққожаұлы
1971 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын АӨК салаларындағы экономика және басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында «Мадияр» шағын кәсіпорнында бухгалтер болып бастады. Әр жылдары Алматы қаласы Медеу, Алмалы аудандары бойынша Салық комитеттерінде салық инспекторы, Алматы қаласы Алмалы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Қаржы департаментінің бөлім басшысы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.
2019 жылдың қаңтар айынан – Алматы қаласындағы «Ер-Ай Инвест» ЖШС директорының кеңесшісі.
2021 жылғы 5 ақпаннан бастап-қаржы басқармасының басшысы
Хроника
Алматы облысы әкімінің өкімімен Жандарбек Ермекұлы Далабаев зейнеткерлікке шығуына байланысты Қарасай ауданының әкімі қызметінен босатылды.