
Күн тәртібі:
1/ Қарасай ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің міндеті 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы И. Калиевке жүктелуі;
2/ Ауданға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында қызметтік және орындаушылық тәртіпті күшейту.
Тыңдалды:
И.Е. Калиев – Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қарасай ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқару 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап өзіне жүктелгендігін алға тарта отырып, алдағы уақытта Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылатындығын мәлімдеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша семинарға қатысып отырған ауданның мемлекеттік қызметшілеріне Әдеп кодексінен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардан туындайтын талаптар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан жүктелген қызметтердің сапалы атқарылуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік шаралар, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтын алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөніндегі мәселелер қаралды. Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылатыны, сонымен қатар жұмыста үнемі қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 43-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болатыны ескертілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттердің талап деңгейінде орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны айтылды.