
Құрметті Қарасай ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қарасай ауданының төтенше жағдайлар
бөлімі 2021 жылдың 2 қыркүйек күні 12 сағат 55 минутта облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізу мақсатында 30 секундқа электр дабылдары қосылатынын хабарлайды. Осыған байланысты Сізден үрейленбеуіңізді және түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, Қарасай ауданының
ТЖБ сізге Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренаны қосу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады. Егер Сіз сигналды үйде естіген болсаңыз:
- Радио және теледидар қабылдағыштарын
қосыңыз;
- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет
етіңіз.
Егер Сіз сигналды көшеде естіген
болсаңыз:
- көшедегі дауыс зорайтқыштар мен
жылжымалы хабарлау құралдары арқылы
берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет
етіңіз.