Алматы облысының Қарасай ауданында ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2021 жылы 25 шілдеде бір сайлау округі бойынша Қарасай ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады: Елтай сайлау округі Елтай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша: Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 10872 азамат енгізілді, оның 96 % дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 16, «бәріне қарсы» - 355. Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Егеубек Е.Е – 10,2 %; Махатов Б.М. – 77,2%; Омербаев Е.С.– 9,1 %. Елтай ауылдық округінің сайланған әкімі Махатов Біржан Манатұлы, 1994 ж.т., «Қарасай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Қарасай ауданы, Береке ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы