Комиссия өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, олардың арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, оларды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан және қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
Күн тәртібінде «Білім беру ұйымдары әкімшілігінің жалпы білім беру мекемелеріндегі мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ уақыт бойы мектепке бармауы» туралы жұмыстардың барысы және қабылданған шаралар туралы мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында аудандық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлардың ұсынған екі іс қарағанын айта кеткен жөн. Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.