«Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздік күні»

«Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздік күні»

Қарасай ауданының аумағында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздік күні» акция аясында ТЖБ қызметкерлері, Қаскелең қаласы                      9-ӨСБ жеке құрамы және «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен аула аралау  бірлесе ұйымдастырылды.

Испекторлық құрамымен тартылған еріктілермен ақпараттық-насихаттау әдістері және күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Адамдар көп шоғырланған орындарында, атап айтқанда «ЖерАна» және «Алтын Орда» базарларында дауыстап сөйлейтін құрылғыда сөз сөйлеп, жиындар өткізілді. Алматы-Бішкек тас жолының MALL «Aport» сауда орталығының жарықдиодты экранында газды және жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану туралы бейнелер 30 минуттық интервалмен көрсетіледі, сонымен қатар, 101 экрандарда Қаскелең қаласының 9-ӨСБ аумағында өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттық-насихаттау жүргізіледі.

Сонымен қатар, “Алатау ”сауда орталығының қызметкерлерімен инструктаж және арнайы «Улы газдан абай болыңыз», «Жылыту пештерін пайдалану ережесі» атты арнайы жанынамалар таратылды№

Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ескертеді:

- пештерді қараусыз қалдырыңыз;

- отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды жағуға дайындалған орында пайдаланыңыз;

- қатты отын пештерін тұтату үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз;

- жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде пайдалануға, пештерді  пайдалану нұсқауларында көзделмеген;

- іс-шаралар кезінде көпшіліктің қатысуымен үйде  пештерді қолданбаңыз;

- құрғақ жанғыш заттар мен материалдар (аяқ киім, киім, отын) пеш пен мұржаның бетінен 0,5 м-ден қашықтықта болу қажет.