VII шақырылған Қарасай аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

VII шақырылған Қарасай  аудандық  мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қарасай  аудандық  мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Қарасай  ауданы  бойынша сайлаушылар тізіміне 185 114  азамат енгізілді,  оның ішінде 124071  адам немесе 67,02 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 124 071 адам қатысты, оның ішінде  дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде 157 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 3 Саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде Саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы – 113 687 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91,72 % дауысы;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 9 900 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,99% ;

«ADAL» саяси партиясы – 359 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,29%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленген:

«Nur Otan» партиясы – 23 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –2 мандат.