Қоғамдық талқылау өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қоғамдық талқылау өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
«Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Өткізу күні: 2026 жылғы 6 қараша.
Өткізу уақыты: сағат 10:00.
Өткізу орны: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Б. Т. Темірбеков көшесі, 43Б, кітапхана ғимараты.
Қоғамдық талқылауларды ұйымдастырушы: «Қарасай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, БСН 240340024204.
Жобалық материалдармен мына мекенжай бойынша танысуға болады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Төле би көшесі, 7.
Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар өткізілетін күнге дейін, сондай-ақ оларды өткізу барысында мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Төле би көшесі, 7.
Электрондық пошта: arhkarasaymailru@mail.ru
Телефон: 8 (727) 371-49-11.
Қоғамдық талқылауларға барлық мүдделі мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.