Тауарларды таңбалауды енгізу

Тауарларды таңбалауды енгізу

«Сауда қызметін реттеу туралы»  Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңының (бұдан әрі - заң) 31-бабының 2-1) тармағына сәйкес ішкі сауда субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды таңбалау және олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалау туралы шешім қабылданған таңбаланған тауарларды сатуға міндетті.

Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік орган ретінде, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі «Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 862 бұйрығына сәйкес жобаны өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және жобаны өткізу мерзімдерін бекітті, сондай – ақ «Темекі өнімдерін таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі әзірленді.

Көрсетілген Ереже жобасына сәйкес темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, құрамында никотині бар сұйықтықтарды элеткрондық сигареттерде пайдалануға арналған бөлшек сауданы жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды қамтамасыз етеді::

1) ЭЦҚ;

2) ЭЦҚ-мен қол қойылған, оның ішінде ТӨТҚ (темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау) АЖ жеке кабинеті арқылы электрондық сигареттерде пайдалану үшін таңбаланған темекі бұйымдарының, қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, құрамында никотин бар сұйықтықтың айналымы және (немесе) айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді қалыптастыру және беру мүмкіндігі бар бағдарламалық-аппараттық кешен;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығына сәйкес тіркелген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы);

4) бақылау-касса машинасымен ұштасқан темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты сканерлеу және сәйкестендіру құралдарын тану құралы;

5) Азаматтық кодекстің 22, 23 және 24-тарауларына сәйкес әрбір өткізілген бірлік бойынша бақылау-кассалық техниканы пайдалана отырып, электрондық сигареттерде пайдалану үшін таңбаланған темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, құрамында никотин бар сұйықтықты айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша фискалдық деректер операторымен жасалған шарт.

Осылайша, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, құрамында никотин бар сұйықтықтарды бөлшек сауда субъектілеріне электрондық сигареттерде пайдалану үшін құралдардың, оның ішінде темекі бұйымдарын сканерлеу және сәйкестендіру құралдарын тану құралдарының болуы қажет.

Тұсаукесер тауарларды (темекі өнімдері) таңбалау мен бақылауды енгізу)