АХАТ туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру

АХАТ туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:

Egov.kz порталына кіріңіз;

  1. Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
  2. Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
  3. Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
  4. Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

 

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?

  • Некеге тұру туралы куәліктің;
  • Некені бұзу туралы куәліктің;
  • Туу туралы куәліктің;
  • Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
  • Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
  • Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

 

Қызмет  көрсету құны:

  • Қайталама куәліктер үшін –  1 АЕК
  • Анықтама үшін – 0,3 АЕК